22 желтоқсанда 2015 жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің халықаралық туризм менеджменті кафедрасы «Қазіргі уақытта бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз ету – антикризистік стратагема» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Ол Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»жолдауын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

ҚР Президентінің жолдауына сәйкес «Жаһандық дағдарыс – бұл қауіп қана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер». Осыған байланысты ҚР Президенті жаңа дағдарысқа қарсы стратагема – дағдарыстан шығу мүмкіндіктерін ұсынды. Кәсіптік білім беру мен кадрларды дайындаудың жаңа жүйесі – бұл дағдарысқа қарсы түрленудің бір мүмкіндігі.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Ұлт жоспары. Жүз қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, әлеуметтік серіктестер мен болашақ жұмыс берушілермен дуальды білім беру мен бітірушілерді жұмыспен қамтуүшін бірлесе жұмыс істеудің конструктивті жолдарын іздеу.

Дөңгелек үстел барысында келесі сұрақтар тақыланды:

  • дуальды білім беру мен Туризм мамандығының бітірушілерін жұмыспен қамту үшін Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің және жұмыс берушілердің өзара бірлесуі;
  • практика базасында студенттердің кәсіптік дайындалуүшін бірлесе жұмыс істеу;
  • мемлекеттік стандарттан кәсіптік стандартқа өтуі: мәселелері және болашағы.

Дөңгелек үстелге Алматы қаласының туризм басқармасы, Қазақстан туристік ассоциациясы, ҚММ «Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығы», Қонақжайлылық индустриясының сертификациялық орталығы, туристік және қонақ үй кәсіпорындарының жетекшілері, Қазақстандық туристік білім беру орталығы, Халықаралық туризм менеджменті колледжі, Университеттің оқу басқармасы және халықаралық туризм менеджменті кафедрасының ПОҚ және магистранттары қатысты.

Печать