Оқушыларға арналған Олимпиада

2022 жылдың 19 мамырында «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі» кафедрасы және ШТПФ белсенді студенттерінің бірлесуімен ағылшын тілінен  мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар және имидждік іс-шара пәндік олимпиада өткізді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері кәсіби және білім беру мақсаттары үшін қажетті ағылшын тілінің дағдыларын меңгеру тұрғысынан студенттердің елеулі оқу жетістіктерін анықтау, студенттердің ағылшын тілі мен мәдениетін одан әрі оқуға деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау, сондай-ақ шетел тілдері педагогикалық факультетімен таныстырып,  оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

Олимпиада бағдарламасына тест тапсырмалары мен педагогикалық жағдаяттарды шешуден бөлек кофе-брейк, профессорлық-оқытушылар құрамының презентациясы және университет бойынша экскурсияны атап өтуге болады.

Олимпиадаға қатысушылар ұсынылған бағдарламаға қызығушылық танытып, әр кезеңге ықыласпен қатысты. Олимпиада жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен сертификаттар, ал ұстаздарға алғыс хаттар табыс етілді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, ал барлық қатысушыларға және мектеп мұғалімдерінің қызығушылықтары мен белсенділіктері үшін алғыс айтамыз және алдағы уақытта ынтымақтастыққа шақырамыз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать