Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісінің Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-ға сапары

20 мамыр күні университетіміздің Шығыстану факультетіне Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Дзюн Ямада мырза мен мәдениет жөніндегі атташе Киносита мырза келді. Біздің құрметті қонақтарымыз университет басшылығымен, жапон тілінің оқытушыларымен, сондай-ақ жапонтанушы студенттермен кездесті.

Дзюн Ямада мырза мен Киносита мырза университетте жапон тілін оқыту туралы біліп, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Елші мырза студенттердің жапон тілін білуінің жоғары деңгейін атап өтті, сондай-ақ біздің университет пен Жапония университеттерінің өзара қарым-қатынасын дамытуға және жапон тіліндегі оқу әдебиетімен қамтамасыз етуге жәрдемдесуге уағдаласты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать