Профессор Семед Семедовтың Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ке сапары

2022 ж. 31-ші мамырдан 2-ші маусым арасында университетімізге философия ғылымдарының докторы, профессор Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РХШжМҚА) халықаралық ынтымақтастық кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д, проф. Семедов Семед Абақаевич ресми сапармен келді. Құрметті қонағымыз университет ректоры, академик Салима Сағиқызы Құнанбаевамен кездесіп, университетіміздің РХШжМҚА-мен бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары, студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ екі университет ғалымдарының өзара іс-қимылы және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады.

Сапар барысында профессор Семедов халықаралық қатынастар, аймақтану және шығыстану білім беру бағдарламаларының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары үшін «Заманымыздың мегатрендтері және жаһандық мәселелері» тақырыбында қонақтық дәріс оқиды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать