"Media Landscapes of Language and Culture: Text Reading"

2022 жылдың 31 мамырында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті "Шетел филологиясы", "Журналистика" мамандықтарының 1 курс магистранттарымен өткен "Media Landscapes of Language and culture: Text Reading" курсының қорытындысы бойынша 5 кредит көлемінде қорытынды семинар өткізді. Курс халықаралық білім беру жобасы аясында Цюрих университетінің (Швейцария) білім беру платформасында өткізілді. Жобаның ұйымдастырушысы және жетекшісі филология ғылымдарының докторы, Цюрих университетінің доценті-хабил Буренина-Петрова О.Д., жобаның үйлестірушісі филология ғылымдарының докторы, ҚазХҚжӘТУ профессоры Гиздатов Г.Г болып табылады.

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі Проректор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кульгильдинова Т.А. магистранттарға "Media Landscapes of Language and Culture: Text Reading" курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать