"Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз" атты семинар

2022 жылғы 2 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде Мәжіліс депутаты Мади Ахметовпен конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара 2022 жылғы 5 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпы Республикалық референдумға орайластырылған.

Кездесу барысында алдағы Республикалық референдум мәселелері қаралды. Қатысушылар елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуы үшін конституциялық реформалар, сондай-ақ Конституцияны жетілдіру туралы өз пікірлерін білдірді және көкейкесті сұрақтарына жауап алды.

Іс-шараға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 70 адамды құрады.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 16. БЕЙБІТШІЛІК, СОТ ӘДІЛДІГІ МЕН МЕН МЫҚТЫ ИНСТИТУТТАР

Печать