Universitas Pembangunan Nasional Veteran Jakarta делегациясының сапары

2022 жылғы 9 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетіне Universitas Pembangunan Nasional Veteran Jakarta (Индонезия) делегациясы ресми сапармен келді. Бұл іс-сапардың мақсаты екі университеттің білім және ғылым саласындағы өзара ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қою болды.

Офлайн және онлайн форматта өткен кездесудің ресми бөлігінің ашылу салтанатына ҚазХҚжәнеӘТУ Кунанбаева Салима Сагиевна, Индонезия университетінің ректоры Erna Hernawati, Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад Фаджроэль Рахман, екі университеттің проректорлары мен қызметкерлері қатысты. Меморандумға қол қою рәсімінен кейін ЖОО өкілдері Меморандум тармақтарын іске асыру мерзімдері туралы талқылауды жалғастырды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать