"Қазақтелеком" АҚ-на экскурсия

2022 жылдың 21 маусымында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де Халықаралық құқық және экономика факультетінің "Бизнес және басқару" дайындық бағыты бойынша 2 курс  студенттерінің оқу практикасын өткізу аясында факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары профессор А.А. Акпарованың жетекшілігімен "Қазақтелеком"АҚ-ға экскурсия ұйымдастырылды.   

"Қазақтелеком" АҚ ЕХ директоры Айтбаев Мурат Мукатаевич құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол компанияның коммуникация нарығындағы көшбасшы ретіндегі рөлін атап өтіп, болашақта Университет студенттерін ұйым қызметкерлері ретінде көруге тілек білдірді. Студенттер компанияның ұйымдастырушылық қызметімен, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің функционалдық міндеттерімен танысты. 

Студенттер үшін компанияның маркетологтары Султанкулова Алия және Колесникова Маринаның ұйымдастыруымен "Қазақтелеком Ұлттық деректерді беру желісінің ірі операторларының бірі ретінде: экономикалық және әлеуметтік аспект" тақырыбында дәріс өткізілді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Печать