23.06.2022 университетімізде Inholland (Нидерланды) университетінің делегациясымен кездесу өтті.
Шара аясында InHolland университетінің профессорлары оқытушылар мен қызметкерлерге "Assessment" және "Internationalisation" тақырыптары бойынша 2 воркшоп өткізді. Шетелдік әріптестеріміз, Diemen кампусындағы бизнес ғылымдарды интернационалдандыру үйлестірушісі Erik Hendriks пен Diemen кампусының халықаралық қызмет және тағылымдамаларының үйлестірушісі Robin Lo`ke аталмыш воркшопта өзекті ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, Менеджмен және Халықаралық коммуникациялар және Халықаралық құқық және экономика факультеттерімен университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.