Университетімізде Inholland (Нидерланды) университетінің делегациясымен кездесу өтті

23.06.2022 университетімізде Inholland (Нидерланды) университетінің делегациясымен кездесу өтті. 

Шара аясында InHolland университетінің профессорлары оқытушылар мен қызметкерлерге "Assessment" және "Internationalisation" тақырыптары бойынша 2 воркшоп өткізді. Шетелдік әріптестеріміз, Diemen кампусындағы бизнес ғылымдарды интернационалдандыру үйлестірушісі Erik Hendriks пен Diemen кампусының халықаралық қызмет және тағылымдамаларының үйлестірушісі  Robin Lo`ke аталмыш воркшопта өзекті ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, Менеджмен және Халықаралық коммуникациялар және  Халықаралық құқық және экономика факультеттерімен университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 10. ТЕҢСІЗДІКТІ ҚЫСҚАРТУ

Печать