Жас ғалымдардың жетістіктері

Н.И.Ульянов атындағы Ульяновск мемлекеттік педагогикалық университеті (УлМПУ) біздің серіктесіміз. Ынтымақтастық туралы келісім аясында Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы жыл сайын түрлі бірлескен іс-шаралар өткізіледі.

Үстіміздегі оқу жылында п.ғ.д., профессор Қонақова Қ.У. жетекшілігімен «7М01711 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау» білім бағдарламаның магистранттары Шоханова Тоғжан, Сейілханова Айдана, Шналиева Саида  2021 жылдың 22 қарашасынан 2022 жылдың 26 ​​маусымына дейін «Менің интеллект-траекториям» атты ІІІ Халықаралық зерттеу жұмыстары байқауына қатысты. Байқау студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамытуға бағытталған. Байқауға қатысушылар әр үш кезең бойынша халықаралық қазылар алқасының бағалауы үшін өздерінің ғылыми жобалары мен презентацияларын ұсынды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстардың байқауы біздің қатысушылар үшін «Студент» номинациясында «Шет тілін оқыту әдістемесі» бағыты бойынша тамаша жетістіктерімен аяқталды: Сейілханова Айдана 1 орынды иеленді, Шналиева Саида - 2 орын, Шоханова Тоғжан қатысу сертификатымен марапатталды. Осы ғылыми еңбектер негізінде дайындалған мақалалар конференция материалдары жинағында жарияланып, электронды кітапхана e-library платформасында орналастырылады.

Жас ғалымдарымызды құттықтап, ғылыми жолының бастамасында шығармашылық табыс тілейміз!

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать