ҚазХҚжӘТУ базасында американдық студенттердің тағылымдамасы

2022 жылдың 6-13 маусым аралығында АҚШ-тың Эмпория мемлекеттік университетінің (Emporia State University) студенттері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде мәдени алмасу бойынша тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында Аударма және филология факультетінің оқытушылары  "Teaching and learning experience in Kazakhstan and the USA", "Intercultural communication: Cultural values and stereotypes", "Comparative studies of Kazakh and American Literature", "Intercultural Communication: cultural values and stereotypes", "Building a bridge between the two cultures" тақырыптарында панельдік пікірталастар, дебаттар және дөңгелек үстелдер түрінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Сонымен қатар, студенттер шетелдік қонақтарды қазақ халқының мәдени құндылықтарымен таныстыра отырып, тілдік ортада өздерінің коммуникативтік дағдылары мен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктіліктерін шыңдай түсті. Осылайша, қазақстандық студенттер америкалық студенттерді халық билерін билеуге және қазақ тілінде ән айтуға үйретті, оларды ұлттық тағамдармен таныстырды. Өз кезегінде, біздің студенттер өздерінің сөйлеу дағдыларын шыңдады, тілдік кедергіні еңсеруді үйренді.

Сондай-ақ, университет қабырғасынан тыс түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, студенттер Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайын, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайын, ҚР орталық мемлекеттік мұражайларын тамашалап, Медеу мұз айдыны, Көктөбе демалыс орындары секілді Алматы қаласының басты көрікті жерлерін аралып шықты. Сонымен қатар, студенттермен бірге Тұңғыш Президент саябағында табиғатта демалыс ұйымдастырылды.

Тағылымдама соңында шетелдік студенттер Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде мәдени алмасу бойынша тағылымдамадан өтуге мүмкіндік бергені үшін университет басшылығы мен факультет ұжымына өз алғыстарын білдірді. Бұл шаралар екі елдің студенттеріне Қазақстан мен Американың мәдени ерекшеліктерін жақсырақ танысуға, тілдік дағдыларын дамытуға зор мүмкіндік берді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать