Құрметті Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенттері!

«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды.

Маңызды: Ақылы бөлімдерде оқитын студенттері «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан грант пен шәкіртақы алу үшін 1 - 15 тамыз аралығында «Taiburyl» ҚБ-ң https://www.taiburyl.kz/ сайтына онлайн-өтінім береді.

Бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері:

- мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар студенттер;

- жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттер;

- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер;

- толық емес отбасыдан, 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;

- ата-аналары/ата-анасының бірі 1 және 2 топ мүгедегі болып табылатын студенттер.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының: https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html сайтынан табуға болады.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 1. КЕДЕЙЛІКТІ ЖОЮ

Печать