Халықаралық құқық кафедрасы 27 қазанда 2022 жылғы Қазақстан Республика күніне арналған "Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа: даму үрдістері мен перспективалары" атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел аясында келесі мәселелер қаралды:
- Конституциялық реформаның қазіргі беталысы;
- Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы;
- Қазақстан Республикасындағы президенттік билік;
- Қазақстан және әлемдік қоғамдастық: конституциялық реформаның теориясы мен ТӘЖІРИБЕСІ.
Отырыста Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының профессоры з.ғ.д., Айтхожин Кабдулсамих Кошекович; з. ғ. д., профессор з. ғ. д., профессор Жанузакова Лейла Тельмановна, , "Тұран" университетінің құқық ҒЗИ директорының орынбасары, заңнама және құқықтық ақпарат Институтының конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің бас ғылыми қызметкері; з.ғ. д., Мұхамеджанов Эдуард Булатұлы, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ құқық кафедрасының профессоры; Дүйсенов Еркін Ерманұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының кеңесшісі; Әнуарбекова Алема, Мұхаметжанова Сабина және Көпбаев Исмат-2 курс студенттері, мамандығы: Халықаралық құқық, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ; Нұрмахан Асанали және Запорожец Арина-3 курс студенттері, мамандығы: Халықаралық құқық, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ баяндамалар жасады. Құрметті қонақ: Трофимов Альберт Алексеевич Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің әкімшілік және қаржылық құқық кафедрасының ассистенті, з.ғ. к., Санкт-Петербург заң факультеті.
Дөңгелек үстел Жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтті.