10 ақпан 2016 Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нде алғаш рет –Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі – атты ауқымды іс-шара өтті

10 ақпан 2016
Бүгін Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нде алғаш рет –Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі – атты ауқымды іс-шара өтті. БҰҰ Моделі – бұл ғылыми конференция және рөлдік ойындар синтезі, оның барысында студенттер осы ұйымның жұмыстарын атқарып, дипломатиялық, лидерлік, ораторлық және тілдік дағдылар мен келісімге келуді үйренеді.

Ашылу салтанатында сөз сөйлегендер: Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ проректоры Қонақова Клара Өмірзаққызы, АҚШ-тың Алматыдағы басконсулдығының білім, мәдениет және пресса сұрақтарының кеңесшісі Чарльз Мартин, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы ақпараттық басқармасының төреғасы Властимил Самек, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросының байланыс және ақпарат басқарма бастығы Сергей Карпов, UNFPA өкілі Айнур Дюсюбекова және БҰҰ Моделі «Жаңа Жібек Жол» директоры Рафис Абазов.

БҰҰ Моделіне қатысушы-студенттер комитеттің күн тәртібінде тұрған сұрақтарды талқылауға келген БҰҰ-на мүше елдердің ресми өкілдері іспетті қатысады. Бүгін БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінің және БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңесінің отырысы болып жатыр. Моделде делегаттар жеке тұрғысының көзқарасынан дерексізденіп, өкіл болып келген елдің ресми ұстанымын қорғауға алады. Әр комитеттің түпкі мақсаты – берілген тақырып бойынша шешім қабылдау болып табылады.

Печать