Ольга Шишигинамен кездесу

05.03.2016 жылы Қазақ ұлттық ойындары күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің спорттық кешеңінде Сидней-2000 олимпиадасының кедергімен жүгіру түріндегі чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатына үміткер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Васильевна Шишигина студент жастарымен кездесті.

Бүгін дәстүрлі қазақ мәдениетінің жандануы, әдебиет және өнер, қазақтың ұлттық ойындарын қоса алғанда жастардың арасында үлкен қызығушылықпен дамып келеді.

Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ-де Қазақ ұлттық ойындар «Тоғыз құмалақ», «Асық», «Арқан тарту», «Кіртас көтеру», «Қазақша күрес» бойынша дәріс беру тәжірибесі өтілүде.

Ал бүгінгі кездесуде біздің студенттер осы ұлттық ойындарының барлық түрлерінен ойын көрсетті, ал өз кезегінде Ольга Шишигина баскетболдан торға доп соғумен асық ойынынан шебері екенін дәлелдеді. «Салауатты өмір салты және дене шынықтыру - біздің мемлекеттік саясатының негіздерінің бірі болып табылады, және халқымыздың мәдениетімен салт-дәстүрлерін насихаттау - бұл біздің халық мәдениетінің негізін қалайды», - деп Ольга Шишигина Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ телестудиясына берген сұхбатын қорытындылады.

Печать