“Қазақстан - Қытай: ынтымақтастықтың жаңа белестері" атты дөңгелек үстел отырысы өтті

2016 жылы 15 наурыз күні Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ университетінде “Қазақстан - Қытай: ынтымақтастықтың жаңа белестері" атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың түрлі аспектілері алдыңғы қатарға шықты, бұл өз кезегінде екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, әріптестік талдамалық зерттеулер жүргізу, объективті және білім беру ұйымдарының жұмысын одан әрі жандандыра түсті.

Университет Қытайдың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі Шанхай шет тілдер университетімен ынтымақтастық орнатуға ынта білдірді.аталмыш жоғарғы орнында Қазақстанды зерттеу орталығы құрылғандығын мақтанышпен айтуға болады.

Дөңгелек үстелдің қонақтары ҚХР-ның Бас консулының орынбасары Мяо Хунбо, ШШТУ орыс тілі факультетінің деканы, ШШТУ Ресей зарттеу Орталығы директорының орынбасары Жанг Зили , ШШТУ Ресей зарттеу Орталығының директоры Ванг Нинг, Қазақстан Орталығының бастығы Вей Жиншен.

Сонымен қатар, өз баяндамасымен Шанхай қоғамдық ғылымдар Академиясының Ресей мен Орталық Азияны зерттеу Орталығы меңгерушісі проф. Пань Давэй сөз сөйледі. Құрметті қонақтар арасында Қазақстан Республикасының Саясат ғылымдары Академиясының Академигі, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақ стратегиялық зерттеу институтының Бас ғылыми қызметкері Сыроежкин Константин Львович, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану Институтының халықаралық сұрақтар бойынша директорының орынбасары Ерекешева Лаура Гибратовна, Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің фонды жанындағы әлемдік экономика және саясат Институтының жетекші сарапшысы Нурша Аскар Куандыкович, Халықаралық миграция бойынша қазақстандық сарапшы Елена Садовская.

Дөңгелек үстелде Қазақстан мен ҚХР-нің екі жақтық қарым қатынасының жайы талқыланды, сонымен қатар перспективалық даму мүмкіндіктері, өзекті халықаралық (жаһандық және аймақтық) екі жақтық қарым қатынастарға итермелеу, Қазақстан мен ҚНР-сы арасындағы қазіргі кездегі стратегиялық әріптестіктің басым бағыты, Қазақстан мен ҚХР-нің мәдени гуманитарлық білім ынтымақтастығының жаңа «Жібек жолын» орнатудың зор негізі ияқты мәселелерталқыланды.

Печать