ГЕРМАНДЫҚ ТАҚЫРЫПҚА WORKSHOP

28-29 наурыз күндері Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де «Қазақстандағы медиалды кеңістіктегі германдық дискурс» атты workshop өткізілді./p>

Ғылыми іс-шараның алғашқы сөз кезегін Германдық қызметтің академиялық алмасу ақпараттық орталығының (DAAD.KZ) директоры Михаэл Яуманн алды. Шеберлік класында негізгі баяндамаларды шетел ғалымдары Ольга Буренина «1920 жылдардағы неміс киноэкспрессионизмі мен Қазақстандық кинодағы фантастикалық жанрлар » (Цюрих университеті, Швейцария) және Светлана Жаботинская «Медиялық нарративке талдау: зерттеу онтологиясының құру жолдары » (Черкасск университеті, Украина) жасады.

Логикалық жалғастыру мен тәжірибелік талдау ретінде қазақстандық зертттеушілер Х.Т. Рысалды мен Г.Г. Гиздатов өз тақырыптарын ұсынды.

Халықаралық коммуникация кафедрасының студенттері шеберлік класында дипломдық жобаларына апробация жасай алды.

Печать