Когнитивті лингвистика мектебі

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де 23 мен 30 наурыз аралығында филология ғылымының докторы, профессор С.А. Жаботинская (Украина, Черкасск ұлттық университеті) келіп, «Когнитивті лингвистика мектебі: әдіснамалық негізі» атты дәрістер мен шеберлік кластарын өткізді.

С.А.Жаботинская заманауи амарикандық когтивті лингвистикалық мектеп пен өзінің негізгі «Тілдік желінің семантикасы» атты концепциясын түсіндірді. Осы концепция арқылы шет тілдерін оқыту мен медиадискурсқа талдауды қалай жасау керектігін көрсетті. Курс қатысушылары (ҚазХҚжӘТУ,KIMEP, ҚазҰУ, ҚазҰПУ, С.Демирел атындағы университет) курстың теориялық маңыздылығын ғана емес, АҚШ Және Еуропа зерттеушісінің лингвистикалық концепциясының шынайы тәжірибелік әсерін де ерекше атап өтті.

Печать