2016 жылдың 4 сәуірінде Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығына арналған әдеби-музыкалды лейтмотив өтті

2016 жылдың 4 сәуірінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-де Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығына арналған ақынның өмірбаянынан, ақын шығармашылығы жайлы видеороликтен, Жамбылдың жырларын әр түрлі тілдерде (қытай, араб, корей, неміс, француз, жапон, түрік) оқудан тұратын әдеби-музыкалды лейтмотив өтті.

Кеш қонақтары: Нұрдаулет Ақыш - филология ғылымдарының докторы, профессор, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі; Бекен Ыбрайым – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің «Жамбылтану және халық ақындары» ғылыми-зерттеу институтының директоры; Ақан Абдуалиев - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры Бекмурат Жабаев – Жамбыл Жабаевтың шөбересі.

ҚазХҚжәнеӘТУ Ж.Жабаевтың әр түрлі шет тілдеріне аударылған жырлар жинағын дайындады. «Әлемді шарлаған өлеңдер» атты жинақ университет есебінен ақынның 170-жылдығына орай ақынның мерейтойына үлес ретінде шығарылды.

Кітаптар «Жамбыл Жабаев» қорына беріліп, қонақтарға да берілді.

Печать