“Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастық мәселелері”

28 ақпан күні Қазақ xалықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінде “Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастық мәселелері” тақырыбында MIREES бағдарламасы арқылы арнайы шақырылған Болонья университетінің Саясаттану және xалықаралық қатынастар факультеті магистранттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында Болонья университеті мен ҚазХҚжәнеӘТУ Халықаралық қатынастар факультетінің магистранттарының баяндамалары тыңдалып, қызу талқыға түсті. Сонымен қатар, бұл шараға Халықаралық қатынастар факультетінің профессорлық – оқытушылар құрамы да белсене ат салысты.

Дөңгелек үстел нәтижесіндегі пікір алмасулар мен сараптамалық талдаулар, еуропалық және қазақстандық ой-пікірлер шоғыры аталмыш форматтағы кездесулерді дәстүрлі түрде алдағы уақытта өткізу туралы ұсыныстың жасалуына түрткі болды. Дөңгелек үстелге белсене қатысып, пікір білдірушілерге сертификаттар табысталды.

Печать