2016 жылдың 28 сәуірінде жыл сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

2016 жылдың 28 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде жыл сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шара кезінде түлектердің әлеуетті жұмыс берушілер мен жұмыспен қамту орталықтарымен, Алматы қаласы мен Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарымен кездесулері өтті.

Жәрмеңкенің мақсаты Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ түлектерінің жұмыс берушілермен кездесу кезінде келешекте түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында өмірбаяндарды жинау және оларды кандидаттар ретінде дерекқорға енгізу болып табылады.

Университетттің кәсіптік тәжірибе және мансап бөлімі университет түлектерінің дайындалу сапасы жөнінде мониторинг өткізуіне қажетті ақпарат алу мақсатында жұмыс берушілер арасында мониторинг өткізді.

Печать