Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) (ағылш. Sustainable Development Goals (SDGs)) — 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы "барлығының жақсы және тұрақты болашағына қол жеткізу жоспары" ретінде әзірлеген 17 өзара байланысты мақсаттар жиынтығы.

Бұл мақсаттар Бас Ассамблеяның қарарында "2030 жылға дейінгі күн тәртібі" деп аталып, Мыңжылдықтың даму мақсаттарын алмастырды. Бас Ассамблеяның "Әлемді қайта құру: Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі күн тәртібі" қорытынды құжатында 17 жаһандық мақсат пен 169 тиісті міндет бар.

ТДМ іске асыру және оған қол жеткізу процесі БҰҰ өкілдері тарапынан да, Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан да тұрақты мониторингте тұр. Бүгінгі таңда ТДМ-на қол жеткізу бойынша Қазақстанның мониторинг жүйесі 280 индикаторды қамтиды, оның ішінде 205 жаһандық және 75 ұлттық индикатор.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ – қазақстандық жоғары мектепте танылған көпсалалы білім беру мекемесі ретінде, гуманитарлық шет тілді және халықаралық бейіндегі кадрларды даярлауға маманданған, дәстүрлерін өз түлектеріне ұрпақтан-ұрпаққа тарататын жетпіс жылдық тарихы бар университет. Университет ғылым мен білімнің, мәдениеттің және мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінің дамуына лайықты үлес қосқан ғалымдардың, оқытушылар мен студенттердің бірнеше буынын мақтан тұтады.

Білім беру саласындағы интеграциялық процестерді дамыту ішкі және халықаралық еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасына жаңа талаптар қояды. Нәтижесінде, жоғары оқу орнында оқытудың жоғары сапалы сипаттамасы алынған құзыреттердің өзектілігі, басқаша айтқанда түлектің бәсекеге қабілеттілігі ретінде бірінші орынға шығады.

Печать E-mail

универсиада замена