2021 жылғы «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық байқауына қатысу үшін үміткерлер іріктелді

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ Ғылыми кеңесінің отырысында 2021 жылғы «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» конкурсына қатысуға үміткерлерді ұсыну туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Республикалық байқауға қатысу үшін іріктеу турының бірінші кезеңі өтіп, университетішілік іріктеу бойынша бес үміткердің ішінен үшеуі екінші кезеңге қатысуға жолдама алды. Университеттен үздік үміткерлер: Асхат Гүлнаш – PhD докторы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті; Айтбаева Гүлзамира Жолдасбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Халықаралық туризм менеджменті» кафедрасының доценті, және Ашилова Мадина Серікбекқызы – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Халықаралық коммуникациялар» кафедрасының доценті.

Екінші кезеңде республиканың түкпір-түкпірінен келген университет оқытушылары бақ сынасады, сондықтан Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ командасы әріптестеріне сәттілік тілеп, ұстаздарымыздың жеңісіне сенеді!

ЖҮКТЕП АЛУ

Печать