
Успанова Майра Уалиевна - экономика ғылымдарының докторы (08.00.05), профессор, «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» АҚ ғылыми және инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры.
1987 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын (АХШИ) бітірген.
1987–1989 жылдары мемлекеттік жолдамамен Қазақ КСР Мемлекеттік жабдықтау комитетінде экономист қызметін атқарды.
1989–1997 жылдары ҚР Ғылым академиясының Экономика институтында жер ресурстарын бағалау бөлімінде жұмыс істеді.
2008–2015 жылдары «Туран» университетінде (Алматы қ.) «Маркетинг және логистика» кафедрасының меңгерушісі болды. 2008–2015 жылдары Қазақстан Маркетинг қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 2015 жылдың қыркүйек айынан бері жұмыс істейді.
87 ғылыми жарияланымның авторы, олардың қатарында: оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, ҚР БҒМ БҒСБК (КОКСВО) журналдарындағы мақалалар, Web of Science деректер базасындағы мақалалар бар. Хирш индексі – 2.
«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2012» атағының иегері.