Чакликова Асель Тураровна

Чакликова Асель Тураровна

педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық информатизация академиясының (ХИА) академигі, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқу-ісі жөніндегі проректоры.

Чакликова Асель Тураровна, ұлты – қазақ, 1971 жылы 16 қаңтарда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. 1992 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтының неміс тілі факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Алматы қаласында Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының №2 арнайы мектеп-интернатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастады. 2000 жылдан бастап 13.00.08 – кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша аспирантурада білім алды. 2002 жылы «Халықаралық елтанушы мамандарын кәсіби даярлауды ақпараттандыру» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

2000 жылдан бастап Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кәсіби білім беруді ақпараттандыру ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, университеттің Ғылыми хатшысы қызметтерін атқарды.

2007 жылы 13.00.02 – шетел тілдерін оқыту теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің докторантурасына қабылданды. 2009 жылы «Шетел тілін оқытудағы ақпараттандыру жағдайында мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» тақырыбында педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

2009 жылдан бастап Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де ғылым және инновациялар жөніндегі проректор қызметін атқарды, ал 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін оқу-ісі жөніндегі проректор лауазымында қызмет етіп келеді.

2002–2010 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің проблемалық кеңесінің мүшесі болды.

4 монография, 5 оқу құралы, 70-тен астам ғылыми мақаласы жарық көрген, ақпараттандыру мәселелері бойынша зияткерлік меншік объектілеріне мемлекеттік тіркеу туралы 3 куәлік алған. Оның ішінде 2 ғылыми мақаласы Scopus дерекқорына енген журналдарда жарияланған.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық құжаттары – «Қазақстан Республикасындағы көптілді білім беру тұжырымдамасы» (2009) және «Үш тілдің біртұтастығы» МЖМБС авторлық ұжымының мүшесі.

6D011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту жұмыстарына жетекшілік етеді.

Чакликова А.Т. Инфокоммуникациялық білім беру технологиялары жағдайында когнитивтік-лингвомәдени әдіснама мен интегративті құзыреттілік модельдеу негізінде шетел тілін оқытуды жаңғырту ғылыми мектебінің жетекшісі болып табылады. Аталған ғылыми мектеп аясында ҚР БҒМ-нің «Корпоративтік білім беру инфоортасы жағдайында халықаралық бейіндегі мамандарды инновациялық даярлау әдіснамасы» атты іргелі гранттық жобасы жүзеге асырылды.

Чакликова А.Т.-ның ғылыми жетекшілігімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Тілдік емес жоғары оқу орындары студенттерінің шетел тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмыс дайындалды (ізденуші – Атабаева Ф.К.). 2013 жылдан бастап ғылыми кадрларды даярлаудың жаңартылған жүйесі аясында Чакликова А.Т. жетекшілігімен 3 PhD докторант ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Чакликова А.Т. түрлі ғылыми семинарлар мен дәрістерге қатысу арқылы өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. («Коммуникативтік білім беру. Жаһандану жағдайындағы ұлттық брендинг» семинары (Қазақстандық коммуникациялық қауымдастық, №63, 2011 жылғы 30 қараша; Academic Publishing Workshop, University of Wyoming, 2012 жылғы 1 наурыз; Когнитивтік лингвистика бойынша теориялық оқыту курсы (20 сағат); Варминьско-Мазур университетінің (Польша) Шығыс Еуропаны зерттеу орталығында тағылымдама (2013 жылғы 8–24 сәуір).

Печать