Аударма ісі (Еуропалық тілдер)

    6B023 -«Аударма ісі» Білім беру бағдарламасы

    «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – болашақ аудармашы-референттер мен синхронды аудармашылардың аударма және аударматану саласының білікті де тәжірибелі маманы болуы үшін іргелі пәндік білім алуын және жан-жақты базалық кәсіби дайындықтан өтуін қамтамасыз ету.

     Бағдарлама бойынша білім алған бакалаврлар кәсіби қызметтің жалпы интегралды әдістемесін игереді; болашақ маман ретінде олардың кәсіби шығармашылық дағдылары дамиды және білім деңгейін одан әрі жетілдіре алады.

    Білім беру бағдарламасы еңбек нарығының сұранысы мен жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін мамандарды оқытудың біліктілік моделіне сүйене отырып әзірленген. Бұл модельде түлектердің негізгі біліктіліктері, олардың нақты кәсіби функцияларды орындау дайындығы сипатталады.

    Бағдарлама белгілі бір қызмет саласы мен аударма бейінін ескере отырып, төменде берілген мамандарды дайындайды:

    1. Барлық сала бойынша жазбаша аударма маманы.
    2. Барлық сала бойынша ауызша аударма (ілеспе және синхронды) маманы.

    «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының артықшылығы ретінде келесі майнорларды оқыту арқылы түрлі салада жұмыс істей алатын болашақ түлектердің кәсіби мүмкіндіктерін арттыруды айтуға болады:

    1) Халықаралық қатынас саласы аудармашысы:

    Қосымша біліктіліктер:

    - халықаралық келіссөздерді ұйымдастыру

    - халықаралық жаңалықтар блогын шолу

    2) Медиакоммуникация саласы маманы:

    Қосымша біліктіліктер:

    - Бұқаралық дискурсты аудару

    - Салалық контентті талдау

    - Веб-сайт контентін әзірлеу

    3) Іскерлік коммуникация және экономика саласының аудармашы маманы:

    Қосымша біліктіліктер:

    - Аудармашы-құжаттанушы

    - Менеджер-аудармашы

    - Бизнес-жобаларды аударып-үйлестіруші

    - Бизнес және экономика саласының аудармашы-сарапшысы

    4) Мәдениетаралық коммуникация саласы маманы:

    Қосымша біліктіліктер:

    - Аудармашы-редактор

    - Лингвистика және баспа материалдарын аудару

    - Мәдениетаралық коммуникация саласы сарапшысы.

    5) Кәсіби салалық баяндамаларды және әлеуметтік-экономикалық форумдарды синхронды аударудың ерекшелігі және оның логико-психикалық қиындықтары / Әскери жағдаяттық әрекеттер туралы ақпарат пен түсініктеме беру үлгілері мен форматтары және оларды синхронды аудару ерекшеліктері:

    Қосымша біліктіліктер:

    - Сөздерді мәдени контекстке сай аудару және локализациялау

    - Қарулы күштер және әскери мекемелер өмірі мен қызметіне қатысты әскери материалдарды аудару.

    6) Ресми презентациялардағы дипломатиялық дискурс прагматикасы және оларды медиасинхронды аудару формалары / Синхронды аударма кезінде объективті-құқықтық,  эмоциялық-бейтарап ақпаратпен қамтамасыз ету.

    Қосымша біліктіліктер:

    - БАҚ және ақпарат материалдарын аудару

    - Стандартты ресми іс қағаздарын аудару

    - Аударма және локализация жоба контентін әзірлеу

    «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы халықаралық ынтымақтастық негізінде серіктес университеттермен байланысты нығайтуға басымдылық береді. Білім беру бағдарламасы аясында шет тілі ана тілі болып есептелетін мұғалімдерді жыл сайын шақырып, дәріс оқыту ісі жолға қойылған.

    «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы шеңберінде жұмыс берушілермен, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен және басқа да мүдделі тұлғалармен ынтымақтастық шаралары іске асырылуда:

    - біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша бірлескен оқыту: Шыңжаң университеті, Цнина қ.;

    - ғылыми-педагогикалық кадрларды арнайы даярлау: Мюнхен шет тілдері және аудармашылар институты (Германия), Виго университеті (Испания), Ноттингем Трент университеті (Ұлыбритания), БҰҰ Женева (Швейцария), Оңтүстік Каролина университеті (АҚШ), Кадис университеті (Испания), Гиссен университеті (Германия), Нитрадағы Константин Философ университеті (Словакия), Мәскеу мемлекеттік лингвистика университеті (Ресей), Пусан шет тілдер университеті (Корея Республикасы), Түркия университеттерімен: Юлдуз технология университеті, Бозок Кахраман Манмарас университеті, Кастомону, Бахчешехир және т.б.; 2019-2022 оқу жылында Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Испаниядан тіл, мәдениетаралық коммуникация және аударма саласы профессорлары «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы студенттері мен профессорлар мен оқытушылар құрамы үшін дәрістер оқып, семинарлар өткізді (БҰҰ аудармашысы проф. Рассел Даффин, Ноттингем университетінің профессоры Трент Глория Гутиеррес Альмарза, Оңтүстік Каролина университеті PhD докторы, Анна Олдфилд).

    - практик мамандар мен ықтимал жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту, консультация беру және түлектердің біліктілік  жұмыстарына бірлесе жетекшілік ету: Ашимова Д., Хлашева О.Д. (Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ), Аренова А.А., (ҚР Сыртқы істер министрлігі), Горковский Г.А. («Омега-translations»), Пилипенко Ю.А. (Тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің халықаралық қауымдастығының төрағасы), Раиса Сайран Кадер («Steppe&World» баспа үйі), Омирханова А.Б. («KAZ Minerals Aktogay» ЖШС), Сейдакова Н.Е. («ADVANCE» ЖШС Білім беру орталығы» ) және т.б.

    Студенттердің бірінші шет тілі ретінде ағылшын, француз, итальян, испан, қытай және түрік тілдерін, ал екінші шет тілі ретінде француз, неміс, испан, итальян тілдерін үйрену мүмкіндігі бар.

    «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының келесідей бәсекелестік артықшылықтары бар:

    - төрт Ғылыми-инновациялық кәсіптік білім беру кешені әзірлеген іс-шаралар көмегімен университеттің интеграцияланған ғылыми-инновациялық кәсіптік білім беру жүйесі мен инфрақұрылымды басқару моделі жүзеге асырылады;

    - кәсіби аудармашыны дайындау процесінде кәсіби шет тілі біліктілігін қалыптастырады.

    Мектеп түлектері үшін
    Бейіндік пәндер: Шет тілі+дүниежүзі тарихы
    Шекті балл: ақылы түрде -70,
    Грант конкурсына қатысу -100
    Колледж түлектері үшін (қысқартылған оқу түрі)
    Бейіндік пәндер: Шет тілі+қазақ тілі
    Шекті балл: Грант конкурсына қатысу -25
    Ақылы түрде -сұхбаттасу

    Печать E-mail

    универсиада замена