Магистратура-Экономика

    Білім беру бағдарламалары:

    7M04170 (01) -Экономика (ғылыми-педагогикалық бағыт),

    7M04170 (02) - Экономика (бейіндік бағыт).

    Магистратурада оқу екі бағытта жүзеге асырылады: ғылыми-педагогикалық (2 жыл) және бейіндік (1 жыл). Оқу түрі - күндізгі.

    Білім беру бағдарламасының мақсаты - инновациялық экономикаға көшу жағдайында еңбек нарығында бәсекелестік артықшылықтары бар жоғары кәсіби мамандарды қалыптастыру.

    Экономикалық объектілерінің қызметін талдай алатын, ғылыми негізделген тұжырымдар жасайтын және өндірісті және басқаруды ұйымдастырудың қажетті формаларын таңдай алатын, басқару шешімдерін қабылдай аладытын; сандық талдау мен синтездеу кезінде процестерді, құбылыстарды, жағдайларды сипаттау және болжау үшін модельдер құру және пайдалану әдістерін меңгерген экономика, менеджмент және өндірісті ұйымдастыру саласында кәсіби құзіреттілігі бар жоғары білікті маман даярлау;.

    Оқытудың мазмұнын сипаттайтын ерекше белгі - теориялық дайындық, әлеуметтік және практикалық білім мен сараптамалық, жобалық және консалтингтік жұмыстардың дағдылары арасындағы байланыс.

    Магистранттар ғылыми зерттеулермен айналысады, әртүрлі деңгейлердегі ғылыми конференцияларға қатысады, жетекші жоғары оқу орындарында, нақты сектордағы кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттары, ҚазХҚ және ӘТУ ғылыми-зерттеу  және инновациялық зертханаларында ғылыми тәжірибелерден өтеді.

    Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

    Осы бағдарламаға сәйкес жоғары академиялық біліктілігі бар мамандар ғылыми жұмыстарды жүргізеді және жетекшілік етеді: ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, тәжірибелі ғылыми және педагогикалық еңбек өтілі бар доценттер, сонымен қатар экономиканың нақты секторынан шақырылған оқытушылар.

    Экономика магистрі дәрежесін алған тұлғалар педагогикалық қызмет саласында білікті жұмыс жасау үшін және экономиканың нақты секторындағы, банк секторындағы кәсіпорындардың орта және топ-менеджерлері ретінде барлық қажетті білімдер мен практикалық дағдыларға ие, содан кейін оларды әртүрлі басқарушылық қызметтерде қолдануға болады.

    Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін дәреже беріледі:

    - ғылыми-педагогикалық бағыт - «7M04170 (01) -Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша экономика магистрі;

    - бейіндік бағыт - «7M04170 (02) - Экономика» білім беру бағдарламасындағы бизнес және басқару магистрі.

    Осы білім беру бағдарламалары аясында  «Қазіргі экономикадағы бизнес үрдістер» және «Қаржылық есеп және аналитика» майнорын (қосымша бағдар) оқып білуге ұсынады.

    Печать E-mail

    универсиада замена