Магистратура - Мемлекеттік және жергілікті басқару

    М071-Мемлекеттік және жергілікті басқару – "М071- Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасы бойынша экономикалық ғылымдар магистрлерін дайындау;

    М071- Мемлекеттік және жергілікті басқару –"М071- Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрлерін дайындау.

    Магистратурада кадрларды дайындау екі бағыт бойынша жүзеге асады: профильдік (1 жыл) және ғылыми-педагогикалық (2 жыл). Оқу формасы -күндізгі.

    Білім беру бағдарламаның мақсаты - педагогикалық қызмет ету саласында және мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің жоғары және орта буын басқаруда басшы ретінде кәсіби қызмет ету үшін қажетті барлық білімер және тәжірибелік дағдыларға ие, тиімді басқару шешімдерін талдау және бағалау, ұйымдастыру-өкімдік қызмет, басқару құрылымы мен функцияларын оңтайландыру, жергілікті және өзін өзі басқаруды ұйымдастыру, барлық деңгейлерде әлеуметтік саясатты талдау, тиімлі басқару шешімдерін қабылдау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларына ие магистрлерді дайындау. Қосымша олар Didgital-маркетолог және Бизнес үдерістер менеджері мамандықтарын алады.

    Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысады, жетекші ЖОО, ғылыми-зерттеу институттарында, ҚазХҚжХТУ ғылыми-зерттеу және инновациялық лабораторияларында ғылыми тағылымдамадан және зерттеу тәжірибесінен өтеді.

    Оқу қазақ тілде, орыс тілде және ағылшын тілде өтеді.

    Берілген бағдарлама бойынша жоғары академиялық біліктіліктің мамандары сабақ береді және ғылыми жұмыс жүргізеді: ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, PhD докторлары, үлкен ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар доценттер, сондай-ақ шақырылған шетел профессорлары.

    Кәсіби қызметтің саласы білім, ғылым, министірліктер, ведомствалар, республикалық, облыстық және аудандық маңызды әкімшіліктер.

    Кәсіби қызметтің обьектілері: министірліктер, ведомствалар, республикалық, облыстық және аудандық маңызды әкімшіліктер, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтары және т.б.

    Білім беру бағдарламасын тәмамдағансоң берілетін дәрежелер:

    - ғылыми-педагогикалық бағыт - "М071- Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасы бойынша экономикалық ғылымдарының магистрі;

    - профильдік бағыт - "М071- Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі.

    Печать E-mail

    универсиада замена