Магистратура-Маркетинг

    Білім беру бағдарламалары:

    M075 - Маркетинг және жарнама – "M075-Маркетинг және жарнама" білім беру бағдарламасы бойынша экономикалық ғылымдар магистрлерін дайындау;

    M075 - Маркетинг және жарнама – "M075-Маркетинг және жарнама" білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрлерін дайындау.

    Магистратурада кадрларды дайындау екі бағыт бойынша жүзеге асады: профильдік (1 жыл) және ғылыми-педагогикалық (2 жыл). Оқу формасы -күндізгі.

    Білім беру бағдарламаның мақсаты – педагогикалық қызмет ету саласында және кәсіпорындарда жоғары және орта буын басқаруда (ұйымдастыру, басқару, зерттеу, бағдарламаларды әзірлеу, бақылау), стратегиялық және оперативтік маркетингтік жоспарлауда, өнім саясатын, баға саясатын, тарату саясатын (тарату арналары бойынша шешімдер), коммуникациялық саясатын (жылжыту бойынша шешімдер) әзірлеуде басшы ретінде кәсіби қызмет ету үшін қажетті барлық білімер және тәжірибелік дағдыларына ие магистрлерді дайындау. Қосымша олар Бизнес үдерістер менеджері, Мемлекеттік және корпоративтік басқару жүйесінде менеджер және Мемлекеттік және корпоративтік басқару жүйесінде сарапшы-зерттеуші мамандықтарын алады.

    Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысады, жетекші ЖОО, ғылыми-зерттеу институттарында, ҚазХҚжХТУ ғылыми-зерттеу және инновациялық лабораторияларында ғылыми тағылымдамадан және зерттеу тәжірибесінен өтеді.

    Оқу қазақ тілде, орыс тілде және ағылшын тілде өтеді.

    Берілген бағдарлама бойынша жоғары академиялық біліктіліктің мамандары сабақ береді және ғылыми жұмыс жүргізеді: ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, PhD докторлары, үлкен ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар доценттер, сондай-ақ шақырылған шетел профессорлары.

    Кәсіби қызметтің саласы білім, ғылым, экономиканың нақты секторы болып табылады.

    Кәсіби қызметтің обьектілері әртүрлі халықаралық және отандық компаниялар, кеңес беру компаниялары, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтары және т.б.

    Білім беру бағдарламасын тәмамдағансоң берілетін дәрежелер:

    - ғылыми-педагогикалық бағыт - "M075-Маркетинг және жарнама" білім беру бағдарламасы бойынша экономикалық ғылымдар магистрі;

    - профильдік бағыт - "M075-Маркетинг және жарнама" білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі.

    Печать E-mail

    универсиада замена