Магистратура - Қоғаммен байланыс

"Қоғаммен байланыс" (ғылыми-педагогикалық магистратура) білім беру бағдарламасының бірегейлігі жаһандану, ақпараттық кеңістікті дигитализациялау және медиа тұтынудың үздіксіз өзгеруі жағдайында PR-коммуникацияның әртүрлі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті, кәсіби ағылшын тілін білетін кең бейінді PR-мамандарды даярлауда жатыр.

Біліктілігі: 

  • қоғаммен байланыс жөніндегі маман
  • контент-менеджері
  • account-менеджері
  • SMM маманы (Social Media Manager)
  • стратегиялық коммуникациялар жөніндегі менеджер (директор)
  • баспасөз қызметінің басшысы
  • PR-кеңесші
  • GR-кеңесші (Government Relations Manager)
  • креативті директор
  • имиджмейкер

Сен келесі салада маман бола аласың:

 - бәсекелестердің PR-стратегияларының күшті және әлсіз жақтарын талдау; PR-кампанияларды өткізу жоспарларын әзірлеу; қандай да бір жоспарланған акциялардың кәсіпорындардың имиджіне әсер ету болжамдарын жасау

- өткізілген PR-науқандардың тиімділігін бағалау

- әлеуметтік салаларда PR-іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

- қоғамдық пікірді қалыптастыру және басқару үшін жаңалықтар менеджментін қолдану

- медиақолданыстағы үздіксіз өзгерту жағдайында сандық технологияларды пайдалана отырып, бірегей PR-кампанияларды құру

- бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне контент-талдау

- коммуникативтік компанияларды басқару және БАҚ-пен өзара іс-қимыл

Мамандануы: PR-Менеджмент

Қосымша біліктілік:

 - әлеуметтік саладағы PR-іс-шараларды ұйымдастырушы

- контент-менеджер

- SMM-менеджер

- сыртқы коммуникациялар бойынша кеңесші

- PR-талдаушы

Практиканы қайда өтесің?

 - Компанияның PR-бөлімдері, PR-агенттіктер

- Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты

- «"Әріптес" үкіметтік емес ұйымдардың Алматы Конфедерациясы»

- Жаңа медиа "365инфо.kz", " Holonews»

- «"Имидж партнер" коммуникациялық тобы»

- Бизнесті дамыту және инвестициялау қауымдастығы «EXPOBEST.KZ»

- Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 Онымен қоса!

Біздің магистранттар халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады, шетелдік жоғары оқу орындарында халықаралық тәжірибеден өтеді.

Кез келген іске креативті көзқарасың бар болса және осы бағытта дамуға дайын болсаң-онда біз сені күтеміз!

Печать