PhD - Шетел филологиясы

    Қазақстанның әлемдік білім беру процесіне кірігуі мен жаһанданудың дамуымен байланысты, заманауи ғылыми ойдың негізгі бағыттары мен шет тілдік білі беру әдістемесін білетін жоғары білікті зерттеушілер мен филологиялық пән мұғалімдерін даярлау қажеттілігі пайда болуда. «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша докторантура филологиялық ғылыми ойдың когнитивтік-концептуалдық, лингвокультурологиялық және әдістемелік құраушылары бойынша кең ауқымды білім кешенін ұсынуға бағытталған.

    Жаңа технологиялар мен тұрақты кеңейіп жатқан цифрлық кеңістікті пайдалану кезінде шет тілдегі ақпаратқа қол жеткізу, оны жан-жақты кәсіби түсіну және нәтижелі түрде пайдалану заманауи қоғамның дамуын қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі болып табылады.

    «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша докторантурада оқитын тұлға оқыту барысында келесі білім мен дағдыларды алады:

    • Түрлі заманауи ғылыми зерттеу әдістерін лингвистика және әдебиеттану нысандарына қатысты пайдалана білу;
    • Дұрыс және бұрыс гипотезалар арасында айырмашылық жасай білу, ғылыми мәселелерді шешудің едәуір оңтайлы жолдарын таба білу;
    • Гипотезаның дұрыстығын дәлелдеу үшін ғана емес, ғылым үшін маңызды деректерді алу мақсатында зерттеу жүргізе білу;
    • Тілдің диахронды аспектіде дамуын және тарихи оқиғалардың нақты синхронды жағдайға әсерін бақылай білу;
    • Алынған теориялық білімді шет тілдік білім беру әдістемесінде және ғылыми-зерттеу қызметінде қолдана білу.

    Докторантурада оқу мерзімі 3 жылды құрайды. Үш жыл ішінде докторант ғылыми филологиялық саладағы ең жаңа бағыттар туралы білім алады, сонымен қатар таңдалған шет тілін жоғары академиялық деңгейге дейін жетілдіреді.

    Педагогикалық тәжірибе жоғары мектепте практикалық оқыту дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

    Зерттеу тәжірибесі ғылыми жұмыс жүргізу дағдыларын – зерттелетін материалдарды жинау, жүйелендіру, тәжірибе жасау, талдау және оны докторлық диссертация мен ғылыми мақалаларды жазу кезінде қолдану дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.

    Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

    • Растайтын құжатты (диплом) ұсынумен бірге, аяқталған магистратура курсы;
    • Тіл деңгейін растайтын сертификат;
    • Тестілеу бойынша қажетті шекті балл және эссе;

    Докторантураға түсуге қажетті тестілеу екі рет жүргізіледі, жаз және қыс айларында. Осылайша, егер шекті балды жинай алмаса, абитуриент тестілеуді жарты жыл ішінде қайта тапсыра алады.

    Осы докторлық бағдарлама бойынша оқыту таңдалған, шектес және аралас мамандықтар бойынша іргелі даярлауда интегративті тәсіл қолдануға, көптеген шетелдік бағыттар мен заманауи лингвистика және әдебиеттану тұжырымдамаларын түсінуге мүмкіндік береді.

    «Шетел филологиясы» бағыты бойынша докторантураға түсу үшін Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ университетін таңдау себептері:

    • Жоғары білікті профессорлар-оқытушылар құрамы;
    • Үздік шетелдік университеттерден шетелдік мамандарды тарту;
    • Шетелдік тең жетекші және шетелдік тағылымдама;
    • Шет тілдеріндегі ең заманауи, инновациялық, цифрлық ақпаратқа қол жеткізу;
    • Шығармашылық пен мансап бойынша өсімге жету.

    Кәсіби қызмет түрлері:

    - Зерттеуші-оқытушы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнындағы лингвистика мен әдебиеттану жөніндегі маманы.

    - Теориялық және қолданбалы тілтану бағытындағы ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми қызметкер.

    «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен айналыса алатын кең филологиялық бейінді жоғары білікті мамандарды даярлайды.

    Ол болашақ ғылым докторларын креативтілік, бейімделіп ойлау қабілетін, түрлі мәдениет пен тіл өкілдеріне ашықтықты, дамыған ұлттық өзіндік сананы, әлемнің филологиялық бейнесінің едәуір перспективалық және даулы тұстарын бағалау қабілетін, ақпараттық-компьютерлік және цифрлы технологиялар заманында ғылым мен тәжірибенің беттесетін мәселелерін сәтті шешуді талап ететін қарқынды дамып келе жатқан қоғам жағдайына дайындайды. Нәтижесінде жас маман білімі мен құзыреттерін қажетті салада қолдана отырып, Қазақстандағы ғылыми және білім беру процесінің толыққанды қатысушысы болады.

    Печать E-mail

    универсиада замена