PhD - Аударма ісі

    «8D023 – Аударма ісі»  дайындау бағыты бойынша докторантураның білім бағдарламасы қазіргі аударматанудағы басты концепциялар, бағыттар мен теорияларды, сонымен қатар, аударма теориясы мен практикасы және зерттеу әдістері  мәселелері мен болашақта даму перспективаларын қамтиды. 

    1. Отандық және шетелдік ғалымдар еңбектеріндегі аударманың қазіргі теориялары.
    2. Қазіргі мәдениетаралық-коммуникативтік, когнитивті-лингвомәдениеттану тұжырымдамасына негізделген аударма ғылымының қазіргі даму тенденциялары мен жағдайы.
    3. Қазіргі лингвистикалық және дискурсивтік зерттеулер контекстіндегі аударма тұжырымдамасы

    Пәндер тақырыбы қазіргі аударма ғылымының негізгі ұғымдары мен терминдерін, сондай-ақ шет тілді білім берудің когнитивті лингвомәдениеттану методологиясы, аударманың когнитивті-коммуникативтік концепциясы аясында аударма теориясы мен практикасын дамыту және жетілдіру мәселелері мен перспективаларын, сондай-ақ осы платформалардың мазмұнын көрсететін зерттеулердің әдістері мен тәсілдерін қамтиды.

     «Аударма ісі» ОББ-ның негізгі мақсаты болашақ мамандарды  аударматану саласындағы жоғары білікті және тәжірибеге бағдарланған мамандар ретінде іргелі пәндік білімдеріне қол жеткізуге және кең базалық кәсіби дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған. Олар жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тіларалық қарым-қатынас және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерін шешіп, сондай-ақ мәдениетаралық коммуникация саласында делдалдың функцияларын орындауда практикалық дағдылары бар тұлға болып қалыптасады; аударманың максималды адекваттылығына және коммуникативті әсерге жету үшін аударма мәтінінің сипаты мен аударма шарттарын ескере отырып, аударманың әртүрлі түрлерін, әдістері мен технологияларын қолдануға қабілетті.

     Бағдарлама докторанттарға кәсіби қызметтің жалпы интегралды әдістемесін береді, болашақ мамандардың кәсіби шығармашылық дағдыларын дамытады және білім деңгейін одан әрі жетілдіру қажеттілігін тудырады.

    Білім беру бағдарламасы еңбек нарығының қажеттіліктеріне және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін құзыреттілікке негізделген оқыту моделі негізінде әзірленген. Бұл модель түлектердің негізгі құзыреттіліктерінің, олардың нақты кәсіби функцияларды орындауға дайындық деңгейі мен дайындығының сипаттамасы болып табылады.

    Білім беру бағдарламасы аясында келесі майнорлар оқытылады:

    -        Майнор: Лингвистика және лингводидактика теориясындағы перспективалық тенденциялар мен заманауи ғылыми-зерттеу трендтері.

    -        Майнор:     Шетел филологиясындағы, аударматанудағы және лингводидактикадағы тіл білімі теориясының когнитивтік-концептологиялық және лингвомәдениеттанулық негіздері.

    -        Майнор: Лингвистика және лингводидактика теориясындағы заманауи ғылыми-зерттеу трендтері;

    -        Майнор: Қазіргі тіл кеңістігіндегі аударманың цифрлық технологиялары

    «Аударма ісі» мамандығы бойынша докторантураның ББ пәндері бойынша профессорлық-оқытушылар құрамында көптеген жоғары деңгейдегі ғылым кандидаттары мен докторлары, профессорлар, PhD докторлары бар, атап айтқанда: «Аударма ісі» ББ жетекшісі, ф.ғ.д., проф. Ислам А., ф.ғ.д., проф. Махпиров В.У., ф.ғ.д. проф. Жаналина Л.К., ф.ғ.д. Шевякова Т.В., п.ғ.к. Кузнецова Т.Д., PhD Норузова Г.Б. және т.б.

    «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының халықаралық ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі серіктес университеттермен байланысты нығайту болып табылады. Жыл сайын Білім беру бағдарламасы аясында шет тілі иелерінен мұғалімдер шақыру бойынша жұмыс істейді.

    Ұлыбританиядан, Швейцариядан, Германиядан, Испанияның оқу орындарындарынан тіл, мәдениетаралық коммуникация және аударма саласындағы профессорлар ОББ тәлімгерлеріне дәрістер оқиды және семинар сабактарын жүргізеді (Prof. Russell Duffin, Prof. Gloria Gutierrez Almarza, PhD Anna Olfield және т.б.).

    «Аударма ісі» ББ академиялық ұтқырлық аясында серіктес университеттер базасында жыл сайын шетелде оқуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

    Даму жоспары негізінде жұмыс берушілермен, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтастық бойынша жұмыс ұйымдастырылды:

    докторанттарды біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өту: Лозанна Университеті (Швейцария), Пусан шет тілдер университеті (Корея Республикасы), Прагадағы Карл университеті (Чехия), Яссы қаласындағы Александру Йоан Куза университеті (Румыния), Каталония халықаралық университеті (Испания), Виго университеті (Испания), Гиссен университеті (Германия), Констанц университеті (Германия), Нитрадағы Философ Константин университеті (Словакия), Қырғыз-Ресей Славян университеті (Қырғызстан), Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей), Түркия университеттерімен: Ыстамбұл Университеті, Юлдуз технологиялық университеті, Бозок Кахраман Манмарас университеті, Кастомону, Бахчешехир, т.б.;

    «Аударма ісі» ОББ бәсекелестік артықшылықтары келесідей:

    - төрт ғылыми-инновациялық кәсіптік білім беру кешендері бойынша тұжырымдалған іс-шаралардың көмегімен университеттің интеграцияланған ғылыми-инновациялық кәсіптік білім беру менеджмент жүйесінің және инфрақұрылымының қолданыстағы үлгісі;

    - ҚазХҚжӘТУ-дың Қазақстан аудармашылар Одағы; А.И. Герцен атындағы аудармашылар жоғары мектебі (Ресей); Страсбург университетінің Аударма мектебі (Франция) ұйымдарының толық құқылы мүшесі ретінде халықаралық жазбаша және ауызша аударма қауымдастықтарымен тиімді ынтымақтастығы;

    - кәсіби аудармашыны оқыту процесінде кәсіби шет тілдік құзыреттілікті қалыптастыру.

    Печать E-mail

    универсиада замена