PhD – Шетел тілі педагогтарын даярлау

    «8D01721 - Шетел тілі педагогтарын даярлау» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Стратегиялық жоспарлар және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыру» аясы мен пәндік салалары негізінде әзірленген.

    Бұл білім беру бағдарламасының бірегейлігі келесіде:

    - Концептуалды-әдіснамалық, жедел-эксперименталды, ғылыми-білім беру, лингвистикалық және кәсіби құзыреттіліктердің бірігуін білдіретін әдіснамалық нормативтік-концептуалды негізі докторанттың құзыреттілік моделі болып табылады. Лингвокәсіби құзыреттілік негізгі өзек және ол бүкіл ғылыми-білім беру үдерісі барысында қалыптасады. Құзыреттілік модель терең теориялық білім алуға және өзіндік зерттеулерді жүзеге асыру арқылы өзін-өзі тануды әзірлеу мен өндіруге арналған зерттеулерді енгізуге бағытталған.

    1. «8D01721-Шетел тілі педагогтарын даярлау» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты

     Білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің әртүрлі салаларында және мемлекеттің ғылыми-зерттеу саласында, сондай-ақ халықаралық қызметте, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қызмет ете алатын шеттілдік білім беруді зерттеу саласының жоғары білікті мамандарын даярлау; шетел тілдерін оқытудың әдіснамасы саласындағы профессор-оқытушылар құрамының, ғалымдар мен мамандардың білім берудің әлемдік нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; Болон процесінің халықаралық талаптары мен принциптеріне сәйкес оқытушылар құрамын даярлау процесін жетілдіру болып табылады.

    Аталған мақсаттарға келесі міндеттерді жүзеге асыра отырып қол жеткізуге болады:

    • Білім беру бағдарламаларын іске асыратын профессор-оқытушылар құрамының зияткерлік әлеуетін арттыру, білім беру бағдарламасының ғылыми-зерттеу базасын дамыту, профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігін арттыру;
    • Оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық әдістерін енгізу, озық білім беру технологияларын қолдану;
    • Стратегиялық серіктес-жұмыс берушілермен ынтымақтастықты қалыптастыру. Бірінші міндетті жүзеге асыру үшін ББ басшылығы докторанттарды, аспиранттарды, кандидаттарды және магистранттарды ғылыми басқаруда көп жылдық тәжірибесі бар, шетелде жетекші ЖОО-да білім алған университеттің педагогикалық қызметкерлерінен ғылым докторларын, кандидаттарын қабылдады. ББ басшылығы студенттердің, магистранттар мен докторанттардың кәсіби практикасы негіздерімен байланыс орнатты, сондай-ақ университет бірлескен зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізетін шетел тілдерін оқыту саласы бойынша посткеңестік кеңістіктің және шетелдердің жетекші ғалымдарын тартады.

    Екінші мақсатты жүзеге асыру үшін ББ басшылығы кешенді білім беру бағдарламаларын әзірледі. Олар таңдау бойынша білім беретін кәсіби бағдарламалар (EEPP) түрінде жүзеге асырылады.

    Үшінші мақсатты іске асыру үшін шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасы стратегиялық серіктес-жұмыс берушілермен бірлесе оқытудың матрицалық бағдарламаларын және маманның құзіреттілік моделін келіседі.

    Оқу мерзімі - 3 жыл.

    «8D01721-Шетел тілі педагогтарын даярлау»  мамандығы бойынша PhD докторларын даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) аясында, сонымен қатар ақылы негізде жүзеге асырылады.

    Оқу түрі: күндізгі.

    Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-де докторлық бағдарламаны толығымен аяқтап, докторлық диссертацияны сәтті қорғаған адамдарға «8D01721-Шетел тілі педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкес жоғары PhD дәрежесі беріледі.

    Печать E-mail

    универсиада замена