Аударма ісі (қазақ-басқа тілдерге)

«5В020700- Аударма ісі»  мамандығы

 (5В0207026-қазақ тілінен басқа тілдерге синхрондық  аудармашы)

Синхронды аудармашылар мамандарын мына бағыттар бойынша даярлау:

  • Кезкелген қызмет саласындағы синхронист-аудармашы
  • Дәйекті аударма • Жазбаша аударма

 

Қосымша электив бойынша аудармашы-синхронист мамандарын даярлау:

  • Халықаралық аудармашы
  • Медиакоммуникация саласындағы маман
  • Бизнес коммуникация және экономика саласындағы аудармашы маман
  • Кросс-мәдени коммуникация саласындағы маман

 

Аударма ісі бакалаврының негізгі міндеттері:

  • Жазбаша және ауызша ағылшын тілінен қазақ/орыс тіліне және керісінше коммуникацияның әр түрлі салаларында, соның ішінде мәдениетаралық: әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, ғылыми-техникалық, сондай-ақ әкімшілік-іскерлік саладағы аударма.
  • Ресми кездесулер, баяндамалар, дәрістер, әңгімелер, келіссөздер, пікірталастар кезінде ауызша бір жақты және екі жақты аударманы орындау •
  • Іс қағаздарын және қарапайым менеджментті жүргізу (іскерлік хат алмасу, телефон арқылы сөйлесулер, сапарлар мен қабылдауларды ұйымдастыру, келісім-шарттар, басқа да іскерлік қағаздар және т.б. құру).
  • Ағылшын тілінен қазақ/орыс тіліне және керісінше аудармаларды редакциялауды жүзеге асыру (соның ішінде сандық технологияларды пайдалана отырып)

 

Мынандай біліммен мамандана аласың:

  • Мәдениетаралық коммуникацияның теориясы мен практикасы
  • Аударманың теориясы мен практикасы
  • Синхронды аударма негіздері
  • Салалық ауызша синхронды және дәйекті аударма
  • Кәсіби коммуникация саласындағы аударма
  • Кәсіби қызметті цифрландыру

 

Мынандай жерлерде практикадан өтесің:

  • аударма компаниялары мен бюролары
  • түрлі компаниялардың шетелдік өкілдіктері ( мұнай-газ өндіруші, алтын өндіруші, туристік және т. б.)
  • мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар мен республикалық маңызы бар ұйымдар (Сыртқы істер министрлігі, Ғылым академиясы, Ұлттық кітапхана, ҚазМұнайГаз, Алтыналмаз, ҚР Ұлттық Банкі және т. б.)

 

Мынандай жерлерде жұмыс істей аласың:

  • синхронды аудармашы және референт-аудармашының қызметі қажет барлық қызмет саласында аудармашы болып.

Сіз аптасына 12 сағат (1 және 2 курс) және жоғары курстарда 10 сағат (3 және 4 курстар) көлемінде шет тілін үйренуге бірегей мүмкіндік аласыз.)

II семестрден бастап екінші шет тілін үйренесіз

Басқа жоғарғы оқу орындарында ҚазХҚжӘТУ-дегідей шет тілін оқыта алмайды!

Есіңе сақта: бейіндік пәндер: шет тілі + дүниежүзі тарихы

Печать