• Талапкерлерге
  • 2021-2022 оқу жылына арналған магистратура мен докторантураға түсу ережелері

2021-2022 оқу жылына арналған магистратура мен докторантураға түсу ережелері

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 1 маусымда басталады
🎓 1 маусымнан 15 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында магистратураға кешенді тестілеуге қатысуға өтініш бере аласыз. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша сертификат тестілеушінің жеке кабинеті арқылы электронды түрде беріледі.
🎓Магистратураға арналған кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, және 10 тамызға дейін жалғасады. Араб тілінен емтихан және шығармашылық емтихандар университеттерде 16-25 шілде аралығында өтеді. Магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.

 

💼Биылдан бастап докторантураға түсу емтиханы электронды форматта өтетін болады. Үміткерлер компьютерде эссе жазады, докторантурада оқуға дайындығын растау үшін тест тапсырады және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады.
💬 Биыл докторантураға түсу ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Докторантураға қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтарының базасында дербес компьютер арқылы электрондық форматта өтеді. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде қолданылған болатын. Бұл – қабылдау емтихандары тек тестілеу форматында өтеді деген сөз емес. Болашақ докторанттар ЖОО-лар бекіткен тақырыптар бойынша эссе жазады. Қабылдау емтиханының қорытынды бағасы эссе, докторантурада оқуға дайындық тесті және бейінді емтихан бағаларының жиынтығы болып табылады", – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
💼Докторантураға өтініш қабылдау 3 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Докторантураның білім беру бағдарламаларына түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өтеді. Докторантураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.

Печать E-mail

универсиада замена