Қос Диплом

Қос диплом бағдарламалары – бұл 4 жыл ішінде екі диплом алуға және табысты мансап құруға үлкен мүмкіндік, өйткені шетелде оқу тәжірибесі жұмыс берушіден сұхбат алған кезде бәсекеге қабілетті маман болуға мүмкіндік береді. Қос дипломның бірнеше артықшылығы:

  •  Сіз қосымша уақыт шығынынсыз екі университеттің дипломды маманы боласыз
  •  Сіздің шетелдік жоғары оқу орындарының магистратурасына, әсіресе сіз диплом алған жоғары оқу орнына түсу артықшылықтарыңыз бар;
  •  Сіз басқа елдердің студенттерімен қарым-қатынас жасай аласыз
  •  Тілдік тәжірибе және тілдік орта сіздің тілдік дағдыларыңызды жақсартуға мүмкіндік береді
  •  Ары қарай жұмысқа орналаса отырып, шетелдік компанияда тағылымдамадан өту мүмкіндігі

Дегенмен, қос диплом бағдарламаларының кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бірден екі ЖОО-да оқуды жоспарлап отырған студент қиын болатынын түсінуі керек. Екі диплом алу үшін көп күш жұмсауға тура келеді, өйткені Халықаралық бағдарламалар бәсекеге қабілетті мықты мамандарды шығаруға бағытталған. Студенттерге қойылатын талаптар Жоғары. Көптеген серіктес ЖОО-лар тілдік дайындықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ оқу процесіне толық енуді талап етеді. Бұл талаптарды серіктес-ЖОО еліне келген студенттер мінсіз орындауы тиіс.

 2020-2021 оқу жылында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ төмендегі екі диплом бағдарламаларын ұсынады:

Оңтүстік-Батыс университеті, ҚХР

Женева бизнес мектебі

Анталия туризм академиясы

Печать E-mail

универсиада замена