Халықаралық құқық және экономика факультеті

Құрметті талапкерлер, сіздерді Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің экономика және құқық факультетінде  қуана қарсы аламыз.

Абылай хан атындағы  ҚХҚ және ӘТУ - әлемдегі 17 тілде кәсіби білім беретін Қазақстан Республикасындағы  бірден бір жоғары оқу орны. Университеттің маңызды стратегиялық бағыты - шет тілін терең білетін, өз ісін жақсы көретін және өзінің кәсіби қызметін тиімді түрде халықаралық бизнес құрылымдарының ұйымдарында жүзеге асыра алатын, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруға бағытталған жоғары сапалы білім беру.

Біздің факультеттің басты мақсаты - тез өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайда құзыретті шешімдер қабылдай алатын білікті мамандарды даярлау.

Мұнда оқытушылар, ғылым докторлары мен кандидаттары, үлкен жұмыс тәжірибесі бар практиктер, ұлттық жоғары білімнің ең жақсы дәстүрлерін сақтайтын, өзіне және студенттерге улкен талап қоя білетін әр түрлі буын өкілдері  бар. Біздің факультеттің басты артықшылығы - үлкен кәсіби мүмкіндіктер әлемін ашатын кең таңдаудағы  білім беру бағдарламалары. Біз «Бизнес және менеджмент» және «Құқық» мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламаларын ұсынамыз. Бұл бағыттар беделді және танымал ғана емес, сонымен қатар қазіргі уақытта  үлкен сұранысқа ие.

Біздің факультетте оқу барысында студенттер негізгі мамандықты игеріп қана қоймайды, сонымен қатар халықаралық қарым-қатынасқа, халықаралық компанияларда және кәсіпкерлер үшін құқық, бизнес, менеджмент, банк ісі саласында алған кәсіби дағдыларын шетелде де жүзеге асыруға жол ашатын кәсіби ағылшын тілін терең оқиды. Әрине, бітіргеннен кейін кәсіби ағылшын тілін қосымша білу түлектердің бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттырады және олардың сәтті жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Студенттер қосымша қосымша ақы бойынша екінші шет тілін оқи алады.

Факультеттің жетекші бағыттарының бірі - халықаралық ынтымақтастық. Факультет отандық және шетелдік серіктестердің белсенді қатысуымен қос диплом, академиялық ұтқырлық, халықаралық ғылыми және білім беру жобалары, ғылыми іс-шаралар бағдарламаларын жүзеге асырады. Факультетте жүзеге асырылатын қос дипломдық бағдарлама бір мезгілде студенттерге  Абылай хан  атындағы ҚХҚ және ӘТУ дипломымен қатар беделді шетелдік жоғары оқу орнынан (Ухан университеті, Ухань, Халықаралық бизнес және экономика университеті, Пекин, Оңтүстік-батыс университеті, Чунцин), Еуропа елдерінің университеттерінен (Чехия, Германия, Франция, Болгария, Польша, АҚШ, Балтық елдері және Ресейдің ) дипломын  алуға мүмкіндік береді.
Ағылшын тілін білу деңгейін көтеру және кәсіби бағдар беру курстарынан өту үшін факультет студенттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әлемнің жетекші университеттерінде: Қытайда (Хайнань тропикалық теңіз университеті), Оңтүстік Кореяда (Кеймюнг университеті, Кукмин университеті, Кеймюнг университеті, Кенг Хи университеті, Сунгюгван университеті, Кемен университеті), Жапонияда (Цукуба университеті), Германияда (Пассау университеті), Балтық мемлекеттерінде (Балтық халықаралық академиясы. Страдинс Рига университеті, Латвияда) бір семестрлік оқу ұйымдастырады

Құрметпен, халықаралық құқық және экономика факультетінің деканы

Н.А. Құдайбергенов

тел. 87272 92-08-05 (ішкі. 3204)
 

 

 Білім беру бағдарламалары:

     

    

    

    

Печать E-mail

универсиада замена