Экономика

Дайындау бағыты: «6В041 - Бизнес және басқару»

Білім беру бағдарламаларының тобы: В046–Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Білім беру бағдарламасы (мамандығы): «6B04101-Экономика»

 

"Экономика" білім беру бағдарламасы, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, ұлттық, халықаралық және жаһандық деңгейлердегі барлық қызмет салаларында жұмыс істей алатын аналитикалық, креативті ойлайтын экономистерді дайындаумен айналысады.

Бағдарлама нарықта сұранысқа ие ғана емес, сонымен қатар пәнаралық дағдыларға ие бірегей мамандарды дайындайды.  Білім алушылар бизнес үдерістерді болжау, адам ресурстарын басқару негіздерімен танысу, бизнес үдерістерді оңтайлы және тиімді құру, сондай-ақ нақты бизнес кейстер мен тапсырмаларды шешу арқылы кәсіби білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Бұл бағдарлама кәсіпорындардың экономикалық қызметінің негізгі бағыттарын, шағын, орта және ірі кәсіпкерлердің жалпы қызметін, жекелеген аймақтардың ресурстық базасы, нарықтық ортада жұмыс істеуі, оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне қатысты әр түрлі маңызды аспектілерін зерделейді, білім алушыларды "алынбаған пайда" және "ескерілмеген шығындар"сияқты арнайы ұғымдарға сүйене отырып, кешенді экономикалық талдау жүргізу дағдыларымен таныстырады.

Бағдарлама білім алушыларда шаруашылық міндеттерді шешудің ең жақсы тәсілдерін іздеу және таңдау үшін қажетті экономикалық ойлауды қалыптастыруға, талдау дағдыларын меңгеруге, тұжырымдарды дәлелдеу және кәсіпорынның ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану бойынша шешімдерді негіздеу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама шеңберінде еңбек ресурстарына сұраныс пен ұсыныс мәселелері де зерделенеді, олардың өз кезегінде жалақы деңгейін анықтауға, жұмыссыздық себептеріне және еңбек нарығындағы жағдайға әсері қарастырылады.

 

Міпогѕ  арқылы мамандар даярлау:

  • Еңбек қатынастары бойынша Экономист. Еңбек экономикасы және кәсіпорын қызметінің есебін жүргізетін маман
  • Экономист-аналитик. Қолданбалы экономика және бизнес үдерістерді экономикалық талдау жөніндегі маман

 

Бакалавр экономистер:

- әртүрлі аналитикалық әдістерді, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және этикалық  принциптерді пайдалана отырып, өзекті ақпаратты талдау арқылы ұлттық экономиканың барлық деңгейінде және салаларында шешім қабылдау, қабылданған шешімдердің салдарын бағалау қабілеттін қалыптастырады

- қажетті сандық технологияларды, құралдарды және теорияларды пайдалана отырып, ұлттық экономиканың барлық құрылымдарында, экономика және бизнес саласында кәсіби қызметті жүзеге асыру

-экономиканың функционалдық салаларындағы негізгі тұжырымдамаларды, парадигмалар мен теориялық әзірлемелерді біріктіру, экономикалық дамуды болжау және халықаралық экономикалық ортаны ескере отырып, оларды реттеу, басқару және бизнес саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін деректерді талдау

- ішкі және сыртқы мүдделі тараптар үшін нарықтарды позиционерлеу және экономикалық саясатты негіздеуде экономикалық, қаржылық және басқару ақпаратын  ұсыну және оның өзгеру динамикасын талдау

- өндіріс пен қызметтерге технико-экономикалық талдау жасау, оның нарықта қалу мүмкіндігін анықтау және оны дамытудың болашағы бойынша ұйым қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау

- тауарлар мен қызметтерді өндіру болашағын анықтау үшін ұлттық, халықаралық және әлемдік нарықтарды бағалау

- ұлттық экономика субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін тиімді өткізу нарықтарын анықтау

 

Сіз маманданасыз:

  • бәсекеге қабілетті және икемді ұйым құру үшін бизнес процестерді зерттеу және талдауға
  • ұйымның бизнес стратегиясын құруға
  • экономика салалары мен секторларына талдау жасауға
  • экономика және кәсіпкерлік қызметті басқаруға
  • еңбек ресурстарын болжау және адам ресурстарын басқару стратегиясы басымдықтарын анықтауға
  • қызметкерлер арасында еңбек жүктемесін талдау және бөлуді жетілдіру, ынталандыру және мадақтау жұмыстарын жүзеге асыруға

 

Сіз жұмыс істей аласыз:

  • өнеркәсіп, аграрлық сала кәсіпорындарында;
  • қызмет көрсету саласының кәсіпорындарында;
  • консалтингтік фирмаларда;
  • сауда ұйымдарында;
  • шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарында;
  • ресурспен қамтамасыз ететін ұйымдарда;
  • білім беру мекемелерінде (оқытушылық қызмет);
  • ғылыми-зерттеу институтында, Ғылым Академиясында;
  • экономикалық мәселелермен айналысатын мемлекеттік мекемелерде;
  • қаржы ұйымдарында (инвестициялық компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру агенттіктері)

 

Өндірістік тәжірибені төмендегі нысандарда өтесіз:

  • өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындарда
  • қызмет көрсету саласының кәсіпорындарында
  • мемлекеттік кәсіпорындарда
  • консалтингтік фирмаларда
  • сауда ұйымдарында
  • инвестициялық компанияларда
  • шетелдік компанияларда

 

Сіз оқытудың барлық кезеңінде шет тілін үйренуге бірегей мүмкіндік аласыз (1-4 курстар)

 

Есте сақта: бейіндік пәндер-Математика + География

Печать E-mail

универсиада замена