Әлемдік экономика

Дайындау бағыты: «6В041 - Бизнес және басқару»

Білім беру бағдарламаларының тобы: В046–Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Білім беру бағдарламасы (мамандығы): «6В04102 - Әлемдік экономика»

 

«Әлемдік экономика» -  әлемдік нарық жүйесі ретінде анықталады; халықаралық айналымдағы тауарлар мен өндіріс факторларына сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы; ұлттық экономиканың басқа елдердің экономикаларымен өзара әрекеттесуі тұрғысынан талдау және бағдарламалау құралдары; қаржы нарығының даму тенденциялары; жаһандық экономикалық жүйені жетілдіру жолдары.

     Бағдарлама халықаралық сауда, халықаралық қаржы және халықаралық бизнес теориясы саласындағы іргелі білімді, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызмет саласындағы практикалық дағдыларды қалыптастыратын қолданбалы пәндерді оқуды қамтиды.

Мамандардың Minors бойынша дайындалуы:

- Әлемдік экономиканы дамытудың инвестициялық және инновациялық моделі. Инвестициялық жобалар бойынша маман, даму және инновация жөніндегі маман, тәуекел менеджері;

- Трансұлттық корпорациялардың экономикасы және халықаралық экономикалық интеграция. Экономист - халықаралық экономист, трансұлттық корпорациялардың экономисті, сыртқы экономикалық қызмет бойынша кеңесші, халықаралық бизнестің экономисті.

Әлемдік экономиканың бакалаврлары:

- кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің сипатын, түрлері мен формаларын, тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарықтарын талдаудың жалпы сипаттамаларын біледі

- заманауи халықаралық бизнес пен кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық саласы мәселелерін талдау әдістерін қолдануын біледі;

  • тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығында болжау әдістерін қолданады.

-  заманауи халықаралық бизнес пен кәсіпкерлікті, мемлекеттер мен халықаралық бизнес нарықтарын таңдаудауына талдау жасайды;

Сіз келесі бағыттар бойынша мамандандырыласыз:

- заманауи халықаралық бизнес пен кәсіпкерлікті, мемлекеттер мен халықаралық бизнес нарықтарын таңдауды талдау;

- халықаралық компаниялардың сыртқы экономикалық қызметінің тиімділігін бағалау;

- әлемдік инвестициялық ағындардың жай-күйін және отандық пен шетелдік компаниялардың инновациялық саясатындағы инвестициялардың рөлін талдау;

- халықаралық экономикалық интеграция процестерінің халықаралық сауда мәселелерін талдау.

Сіз келесі ұйымдарда өндірістік тәжірибеден өтесіз:

- Қазақстан Республикасы СІМ, Сауда және интеграция министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі;

- Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

- трансұлттық және бірлескен компаниялар.

Келесі ұйымдар мен кәсіпорында жұмыс істеуге мүмкіндік болады:

- ҚР СІМ, Сауда және интеграция министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігінде, Ұлттық кәсіпкерлер палатасында және т.б.

- ұлттық және халықаралық ұйымдар: Еуразиялық экономикалық комиссия, Дүниежүзілік сауда ұйымы;

- банктер мен сақтандыру компаниялары, ірі қазақстандық және халықаралық өндірістік және энергетикалық компаниялар: Қазмұнай газ, Ақтөбемұнай газ, Samsung Electronics және т.б.

Сізде бүкіл оқу кезеңінде (1-4 курс) шет тілін үйренудің ерекше мүмкіндігіне ие боласыз.

Есте сақтаңыз: бейінді пәндер - Математика + География

Печать E-mail

универсиада замена