Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті университет бойынша магистратура және докторантураның білім беру қызметін ұйымдастырушы болып табылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті оқу ісі жөніндегі проректор мен ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың тікелей басшылығы негізінде университеттің Ғылыми кеңес, оқу-әдістемелік кеңес, оқу факультеті, факультеттер, кафедралар, әдістемелік бірлестіктер, кеңестер, басқа да құрылымдық бөлімшелермен тығыз жұмыс жүргізеді. Факультетті бақылау және бағыт беру жұмысын университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры мен ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры іске асырады. Факультеттің басшылық жұмысын университет ректоры бекіткен декан жүргізеді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті өз жұмысын ҚР БҒМ бұйрықтары мен нормативті құжаттарына, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, Типтік және оқу бағдарламалары мен жоспарларына, білім беру үрдісіне қатысты нормативті құжаттарға, ҚазХҚжӘТУ Жарғыларына, университет бұйрықтары мен өкімдеріне, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің мақсаты:
- сұранысқа ие бағдарламалары мен оқытудың инновациялық технологиясы бар дипломнан кейінгі тиімді білім беруді қамтамасыз ету;
- халықаралық үрдістерге шоғырлану – халықаралық стандарттар мен талаптардың ұлттық білім беру жүйесіне бірігуі;
- сәйкес мамандықтар бойынша мамандарды сапалы даярлау мақсатында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің екі деңгейлі қызметін ұйымдастыру.