Аймақтану

Магистратура - Аймақтану

Білім беру бағдарламалары:

7M03113 (01) -Аймақтану (ғылыми-педагогикалық бағыт),

Магистратурада оқу ғылыми-педагогикалық (2 жыл) бағытта жүзеге асырылады. Оқу түрі - күндізгі.

Білім беру бағдарламасының мақсаты - саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы базалық білімі бар, аймақтық процестердің мәселелер кешенін анықтап, талдай алатын және олардың нәтижелерін практикалық іс-әрекетте қолдана алатын әлемнің таңдаулы шет аймақтарында сарапшы мамандар даярлау.

          Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстары мен айналысады, әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысады, жетекші университеттерде, ғылыми-зерттеу институттарында және университетіміздің ғылыми-зерттеу зертханаларында ғылыми тағылымдамалар мен ғылыми тәжірибелерден өтеді.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

Осы бағдарламаға сәйкес жоғары академиялық біліктілігі бар мамандар, академик, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, сонымен қатар шақырылған шетелдік оқытушылар сабақ береді және ғылыми жетекшілік жүргізеді. Магистратураның оқу бағдарламасы major-minors форматында жасалған.

Кәсіби қызмет саласы - сыртқы саяси қызмет, мемлекетаралық ынтымақтастық, ғылыми зерттеулер, оқытушылық қызмет.

Кәсіби қызметтің объектілері: халықаралық ұйымдар, жоғары оқу орны, ғылыми орталықтар, ғылыми орталықтар және т.б.

- аймақтық экономикалық саясат және посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар

- аймақаралық қатынастардың институционалдық және құқықтық негіздері

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін төмендегідей дәреже беріледі:

 - ғылыми-педагогикалық бағыт  - M065 - Аймақтану» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі

Печать E-mail

универсиада замена