Мәдениеттану

Магистратура - Культурология

«6М020400- Мәдениеттану» мамандығы бойынша магистратурада білім беру Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУде 2007 жылдан бастап қолға алынды. «6М020400- Мәдениеттану» мамандығы бойынша «Гуманитарлық ғылымдар магистрі» және «Гуманитарлық білімдер магистрі» академиялық дәрежесі мамандарын дайындау бағыты бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік білім беру стандарты негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы дайындаған магистрлік білім беру бағдарламалары жаңа тәсілдер мен жаңа білім беру технологиясын ескере отырып, мәдениетті зерттеудің жаңа әдіс тәсілдерін енгізе отырып магистранттардың іргелі теориялық және практикалық дайындығын ұсынады.

Нәтижесінде, магистранттар мәдени нысандар мен үрдістерді кәсіби және тұжырымдамалық деңгейде зерттеуге мүмкіндік беретін пәнаралық аналитикалық аппаратты меңгереді.

Мәдениеттанушыларды дайындаудың мазмұнын сипаттайтын ерекшелік, теориялық оқыту және әлеуметтік-практикалық біліммен сараптамалық-аналитикалық дағдылар, жобалау және кеңес беру жұмыстары арасындағы қарым-қатынас болып табылады.

Оқу бағдарламаларында қазіргі заманғы мәдениет мәтіндерінің ( нақты, вербалды, көрнекі, виртуалды ) түрлерімен нақты жұмыс жасауға үлкен мән беріледі.

Магистранттарга білім беру үрдісі ғылыми-зерттеу, кәсіби мүдделер және қоғамның қажеттіліктеріне негізделген. Магистранттар ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалык және кәсіби практикадан өтеді, қорытынды біліктілік емтиханын тапсырады және қорытынды магистрлік жұмысын қорғауға дайындайды.

Магистрлік кезең PhD деңгейіне дайындалуға ықпал етеді.

Оқу курстарын жүргізу жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың қатысуымен қамтамасыз етілген.

«Мәдениет прагматикасы және менеджменті» магистрлік бағдарламасы оқу мерзімі 2 жылдық ғылыми-педагогикалық бағыттағы гуманитарлық ғылымдар магистрін дайындауға арналған.

«Мәдениет прагматикасы және менеджменті» магистрлік бағдарламасы бойынша магистрлерді дайындау қажеттілігі жаһандану жағдайында қазіргі заманғы мәдениет аспектілерін зерттеудің салыстырмалы мәдениеттану саласындағы мамандарға сұранысынан туындап отыр.

«Мәдениет прагматикасы және менеджменті» қазіргі заманғы мәдениет саласында сарапшы және сыншы ретінде, бұқаралық мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары мәдениеті аналитигі ретінде, туристік қызметтің менеджері ретінде, әр түрлі әлеуметтік-мәдени модельдердің шығармашылық дизайнері ретінде, мемлекеттік, қоғамдық және жеке коммерциялық емес ұйымдарда менеджер ретінде білімі мен құзіреттілігін тиімді қолдана алады.

Печать E-mail

универсиада замена