Педагогика және психология

Магистратура - Педагогика және психология

Білім беру бағдарламалары:

7M01101 (01) - Педагогика және психология (ғылыми-педагогикалық бағыт),

7M01101 (02) - Педагогика және психология (бейіндік бағыт).

Магистратурада кадрларды дайындау екі бағытта жүзеге асырылады: бейіндік (1 жыл) және ғылыми-педагогикалық (2 жыл). Оқу түрі - күндізгі.

Магистрлік бағдарламаның мақсаты: терең ғылыми-педагогикалық, кәсіби дайындығы бар, өздігінше шығармашылық ойлауға, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау.

Оқу процесінде магистранттар заманауи педагогика және психология ғылымдары проблемаларын, қазіргі жоғары білімнің даму тенденцияларын, кредиттік оқыту технологиясы жағдайындағы оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі білім алушылардың жеке-тұлғалық дамуын, білім беру процесін басқаруды, қазіргі кезеңдегі инновациялық педагогикалық менеджментті дамыту мәселелерін; ғаламдық білім беру процестерін басқару, білім беру саласындағы халықаралық қызмет, білім беру аясындағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жөнінде оқып үйренеді және т.б.

Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысады, жетекші жоғары оқу орындарында, Қазақстанның педагогикалық академиясында, «Қазақ психологиялық қоғамы» қауымдастығында, ғылыми-зерттеу институттарында және ҚазХҚжӘТУ-нің инновациялық зертханаларында ғылыми тағылымдамалар мен ғылыми зертеу тәжірибелерінен өтеді.

Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Білім беру бағдарлама бойынша жоғары академиялық біліктілікті мамандар: ғылым докторлары, профессорлар, көп жылдық ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар ғылым кандидаттары, доценттер; сондай-ақ шақырылған шетелдік оқытушылар сабақ береді және ғылыми жұмыстарға басшылық жасайды:

Кәсіби қызмет ету саласы - білім беру және ғылым.

Кәсіби қызметтің объектілері: жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, білім беру орталықтары және т.б.

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін мынадай дәрежелер беріледі:

- ғылыми-педагогикалық бағыт - «M001 Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдары магистрі;

- бейіндік бағыт - «M001 Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша білім магистрі.

Печать E-mail

универсиада замена