Аударма ісі

Магистратура - Аударма ісі

Білім беру бағдарламалары: 7М02356 (01)- Аударма ісі (ғылыми-педагогикалықбағыт), 7М02356 (02) – Аударма ісі (бейіндік бағыт).

Магистратурада кадрларды даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: бейіндік (1 жыл) және ғылыми-педагогикалық (2 жыл). Оқу түрі-күндізгі.

7М02356 "Аударма ісі" білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Олар аударма теориясы мен тәжірибесінде және мәдениетаралық қатысымда халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек. Сонымен қатар өз бетінше сыни ойлауға қабілетті және аударма саласындағы ғылымды жетілдіруге және жаңа технологияларды әзірлеу бойынша мәселелерді шешуге, аударма саласындағы өзекті мәселелерді талдауға және кәсіби түрде шешуге қабілетті болып, сондай-ақ кәсіби-бағдарлы құзыреттілік жиынтығына ие болуы тиіс.

Бағдарлама жаһандық мәдениетаралық кеңістік аясында аударма және мәдениетаралыққатысым бойынша қазіргі теориялар мен зерттеулердің даму үрдістерін терең түсінуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ оның когнитивті, лингвомәдени, ұлттық-мәдени және прагма-функционалдық аспектілерін ескере отырып, аударматану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің кәсіби дағдыларын қалыптастырады; аударманы жіктеу және типтеу, аударма процесінің аспектілерін, интегративті және пәнаралық сипаты бар аударма модельдерін жетілдіру, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету дағдыларын жетілдіреді.

Магистр-аудармашыларды даярлау белгілі бір қызмет саласында оның бейінді мамандануын талап етеді:

  1. Аударма зерттеулері саласындағы ғылыми қызметкер
  2. Әртүрлі салалар бойынша ауызша және жазбаша аудармашы маман.
  3. Жоғары оқу орнының біліктілігі жоғары педагогы

Кәсіби қызмет түрлері:

1) Аударма қызметі (түрлі жанрлық мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздердің, халықаралық кездесулердің, конференциялардың ауызша аудармасы);

2) Ұйымдастыру қызметі (әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдар құру);

3) Өдірістік-басқарушылық қызметі (басшылық ету және/немесе кәсіби міндеттерді орындау (аударманың әр түрлі түрлері)); Отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардағы тиісті бөлімдерді басқару.

4) Ғылыми-зерттеу қызметі (практикалық материалдарды жинау және өңдеу, аударматану және мәдениетаралық қатысым мәселелері бойынша баяндамалар мен мақалалар, жобалар дайындау).

5) Педагогикалық қызмет (тілдік пәндерді оқыту, түрлі кәсіби дискурстарды аудару бойынша пәндерді оқыту)

6) Салалық қызмет (экономикалық, заңгерлік, медициналық, өнеркәсіптік, ақпараттық қызмет саласындағыұйымдардың аудармашысы).

Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны келесіден тұрады:

1) базалық және бейінді пәндер циклдерін оқытуды қамтитын теориялық оқыту;

2) магистранттарды практикалық даярлау:

практиканың әртүрлі түрлері,ғылыми немесе кәсіптік тағылымдамалар;

3) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-зерттеу жұмысы.

4) қорытынды аттестаттау.

Аталған бағдарлама бойынша жоғары академиялық білікті мамандар: академик, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі жоғары доценттер, философия докторлары (PhD), сондай-ақ шақырылған шетелдік оқытушылар дәріс береді және ғылыми жұмысқа басшылық етеді.

Білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейінкелесідегідей дәреже беріледі:

- ғылыми-педагогикалық бағыт - "7М02356 (01)- Аударма ісі" білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдарының магистрі»

- бейіндік бағыт -"7М02356 (02)- Аударма ісі" білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі магистрі.

Университетте бағдарламалардың кең таңдау ауқымына, оқытудың икемді жүйесіне, пәндерге өзіндік дайындыққа көп көңіл бөлінеді. Оқу жылы ішінде магистранттар екі бағыт бойынша: бейіндік (1 жыл) және ғылыми-педагогикалық (2 жыл) келесіMinors(Қосалқы) пәндерді таңдайды:

  1. Заң тәжірибесіндегі халықаралық-құқықтық дискурсология

2. Аударматанудағы IT технологияларжәне аудио-бейнелік локализация

Печать E-mail

универсиада замена