Докторантура Ph.D

Докторантура Ph.D
иностр филология    иностр язык два иностр языкапервод дело    международные отношения

PhD докторантурасына қабылдау ережелері

PhD докторантурасына оқуға түсетін тұлғаларға қойылатын талаптар:

«Магистр» академиялық дәрежесінің болуы, магистратура бітірген соң 3 жылдан кем емес еңбек өтілі

Құжаттарды қабылдау: 10-29 шілде аралығы

Докторантураға оқуға түсетін тұлғалар қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды өткізеді:

  1. Ұйым жетекшісінің атына өтініш;
  2. Жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариалды куәландырылған, қосымшалары қоса берілген құжаттың көшірмесі
  3. Отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшілер келісімі бойынша жобаланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі
  4. Жеке куәлік көшірмесі
  5. Шет тілі бойынша сынақ тапсырғандығы туралы сертификат көшірмесі (бар болған жағдайда)
  6. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізім
  7. 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет
  8. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтам
  9. Еңбек қызметін растайтын  кадр есебі бойынша жеке іс парағы
  10. Еңбек өтілі  туралы құжат
  11. Жоғары оқу орнының немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарының профессорлары қол қойған ұсыныс-хат (екі)

Салыстыру үшін құжаттардың көшірмесімен бірге түпнұсқасы да қоса ұсынылады. Салыстыру жүргізілген соң түпнұсқа қайтарылады.

Оқу мерзімі: 3 жыл

Оқыту түрі: өндірістен қол үзіп оқу, күндізгі 

2016 жылдың қыркүйегінен бастап, университет PhD докторантурасына ақылы негізінде қабылдауды  жүзеге асырады.

Қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі

Қабылдау емтихандары 1-20 тамыз аралығында, ал оқуға қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі. 

Шетелдіктерді қоспағанда, PhD докторантурасына оқуға түсетін Қазақстан Республикасының  азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар төмендегідей қабылдау емтихандарын тапсырады:

1) таңдауы бойынша бір шет тілі (ағылшын, француз, неміс)

2) мамандығы бойынша

PhD докторантурасына оқуға түсетін шетелдіктер келесідей қабылдау емтихандарын тапсырады:

1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқу тілі)

2) мамандығы бойынша

PhD докторантурасына қабылдау емтихандарын өткізу кезеңінде мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады. 

Шет тілін Жалпы еуропалық құзыреттілікке (стандартқа) сәйкес меңгергендігін  растайтын келесідей халықаралық сертификаттарға ие Қазақстан Республикасының азаматтары докторантураға шет тілі бойынша қабылдау емтихандарынан босатылады.

Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясы мамандықтарға сәйкес ғылыми дәрежесі бар университеттің қызметкерлерінен құрылады.

Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы төрағадан және екеуі ғылым докторы болуы тиіс үш мүшеден тұрады және университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Мамандықтар бойынша емтихан өткізген кезде қадағалаушы ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – ҚР БжҒМ) өкілдері қатысады.

Шет тілдері бойынша қабылдау емтихандары Қазақстан Республикасы БжҒМ-нің Ұлттық тестілеу орталығы жасаған технология бойынша өткізіледі. ҚР БжҒМ мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша қабылдау емтихандарын жүргізу тәртібін анықтайды.

Шет тілдері бойынша қабылдау емтихандары білім беру саласының уәкілетті органы анықтаған жоғары оқу орындарында өтеді. 

Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.

Докторантура PhD: Қазақстан Республикасының ғылым жүйесіндегі ғылыми кадрлар дайындатын жоғарғы деңгейдегі элиталық білім.

Бағдарлама мақсаты: отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, бірнеше тілді меңгерген, ғылыми және шығармашыл көпқырлы қазақстандық мамандардың жаңа толқынынын дайындап шығару.

Бірлескен ғылыми жобалар, академиялық мобильділік, ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруды іске асыраын басты серіктес-универсиеттер:

  • «филология ғылымдары бойынша»: Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті» (ФГБОУ ВПО "ВГСПУ", Ресей), Пуатьеe Университеті (Франция, Пуатье қ.), Карлов университеті (Charles University, Чехия); Г.Р.Державин ат. Тамбов мемлкеттік университеті (Ресей), Минзу Университеті (Minzu University, ҚХР)
  • «шет тілдер бойынша»: Фрибург университеті (Швейцария); Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (МГЛУ, РФ), Ресей халықтар достығы университеті (РУДН, Москва), Пусан шет тілдер университеті (Корея Республикасы)
  • «тілдерді салыстырмалы-түрлік зерттеу бойынша»: Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті» (ФГБОУ ВПО "ВГСПУ", Ресей), Юстус Либих ат. Гиссен университеті (ГФР); Варшава университеті (Uniwersytet Warszawski, Польша Республикасы); Костал Каролина Университеті (Coastal Carolina University, АҚШ) және т.б.
  • «шығыстану бойынша»: Шанхай халықаралық қатынастар университеті (ҚХР), Пусан шет тілдер университеті (Корея Республикасы)
  • «халықаралық қатынастар бойынша»: МГИМО (Мәскеу, Ресей), Кёнгхи Университеті (Корея Республикасы); Дж.Неру ат. Университет (Нью-Дели, Үндістан); University of Waikato (Жаңа Зеландия); Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектеебі (Швейцария), Пенсильвания университеті (Филадельфия, АҚШ)

Печать E-mail

универсиада замена