Журналистика

Халықаралық коммуникация кафедрасы

Дайындау бағыты: 6В032 Журналистика және ақпарат

Білім беру бағдарламалар тобы: 6В042 – Журналистика және репортерлық іс

Мамандығы: 6В03201 – Журналистика

Шет тілін білетін журналистерді даярлау

"Журналистика" білім беру бағдарламасының бірегейлігі тәжірибеге бағытталған оқытуда жатыр. Теориялық дайындықпен бірге студенттер бірінші курстан бастап практикалық тәжірибеге ие болады, сыни ойлауды, техникалық және мультимедиялық дағдыларды дамытады: журналистік мәтіндерді, сценарийлік жоспарларды жазу, журналдар мен газеттерді беттеу, фото - және бейнетүсірілім, бейнені монтаждау және дыбыстандыру, радио және телерепортаждарды, сондай - ақ түрлі жанрдағы бағдарламаларды дайындау.

Бұл бағдарламаның ерекшелігі-студенттерге ағылшын тілінде пәндерді оқуға, әлемнің университеттерінен шақырылған оқытушылардың курстары мен шеберлік сабақтарына қатысуға, ағылшын тілінде түпнұсқа мазмұнды жасауға мүмкіндік беретін ағылшын тілін тереңдетіп оқыту.

Біліктілігі:

  • Телерадио бағдарламаларының, ғаламтор ресурстарының тілшісі
  • Жаңалық бағдарламаларының репортері
  • Теле және радиобағдарламаларын жүргізуші
  • Халықаралық оқиғалардың, спорт шараларының, мәдени ивенттердің шолушысы
  • Саяси комментатор
  • Бұқаралық коммуникация құралдары (БКҚ) саласындағы маман;
  • Теледидар, радио және веб-жобалардың продюсері.

Студенттер журналистика, экономика, саяси талдау, медиаменеджмент, жарнама салаларында кешенді дайындықтан өтеді, қоғам өмірінің халықаралық, әлеуметтік, құқықтық шындықтарын бағдарлайды.

Сіз мынадай бағыттарда маман бола аласыз: 

  • Халықаралық оқиғаларды ұсыну мен болжау жөніндегі ақпараттық өнімдерді ұйымдастыру
  • Әлеуметтік-саяси ерекшеліктер мен халықаралық-құқықтық нормаларды ескерумен БКҚ Қазақстандағы және әлемдегі болашағын зерттеу
  • Қазақстан БАҚ қызметі мен шетел ақпараттық ресурстарының тиімді күйін бағалау
  • Саясат имиджін қалыптастыру мен ұсыну
  • Жарнамалық қызмет

Қосымша біліктілігі:

  • Халықаралық шолу жөніндегі маман
  • Халықаралық саладағы талдаушы
  • Шетел хабарларының тілшісі
  • Саяси шолу жөніндегі маман
  • Кеңесші-саяси технолог
  • Копирайтер
  • Жарнама маманы

Практиканы қайда өтесіз?

  • Теледидар арналары мен радиостанциялар
  • Газет және журнал редакциялары
  • Ғаламтор-басылымдар мен жаңалық порталдары

Қай жерде жұмыс істей аласыз?

  • «Қазақстан», «Хабар», «Алматы», «КТК», «НТК», «Евразия 1», «Мир» телеарналары, «Қазақ радиосы»
  • Журнал және газет редакциялары
  • Салалық БАҚ
  • Халықаралық жаңалықтар бөлімдері
  • Ақпараттық қызметтер, басылымдық және талдаушылық құрылымдар

Академиялық мобильдік:

  • Кукмин университеті (Оңтүстік Корея)
  • Балтық халықаралық академия (Латвия)
  • Остравы университеті (Чехия)
  • Свечедегі лингвистік-техникалық университет (Польша)
  • Ханзе қолданбалы ғылымдарының университеті (Нидерланды)
  • Тиссайд университеті (Ұлыбритания)
  • UPN Jakarta университеті (Индонезия)

Біздің оқу орнымызға қалай түсуге болады?

Мамандықтың профильдің пәні – кезкелген (ағылшын тілі, әдебиет, физика, тарих және т.с.с.).

«Журналистика» мамандағы бойынша оқуға түсетіндерге екі шығармашылық емтихан қарастырылған:

  • шығарма
  • әңгімелесу

Оқуға түсуде төмендегідей пәндердің балдары ескеріледі:

  • Қазақстан тарихы
  • Сауатты оқу

Бұл әлі соңы емес!

Біздің студенттер әскери кафедрада оқып, әскери тілші біліктілігін ала алады

Бізді таңдай отырып, сіз дұрыс шешім қабылдайсыз!

Шекті балл: ақылы түрде -65,
Грант конкурсына қатысу -80

Печать