Туризм

Магистратура - Туризм

Білім беру бағдарламалары:

7М111 (11)- Туризм (ғылыми-педагогикалық бағыт),

7М111 (12)- Туризм (бейінді бағыт)

Магистратурада кадрларды дайындау екі бағытта жүзеге асырылады: бейіндік (1 жыл) және ғылыми-педагогикалық (2 жыл). Оқу түрі - күндізгі.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: туризм саласындағы құбылыстарды терең зерттей отырып, туристік индустрия мен қызмет көрсету саласы үшін ғылыми-зерттеу, педагогикалық, жобалық, сараптама салаларында кәсіби дағдыларды қолдануға дайын құзыретті мамандарды даярлау.

Негізгі назар туризм саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуге, туристік қызмет көрсету нарығындағы негізгі мәселелерді қарастыру және зерделеуге, нарықтық ойлауды қалыптастыруға, нарықтық жағдай, оны зерттеу әдістері мен құралдары туралы терең білім алуға, нарықтық экономика жағдайында өзіндік іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға, ұлттық және әлемдік нарықта орын алып жатқан нақты процестерді түсінетін жоғары білікті кадрлар даярлауға аударылады. Көп көңіл туристік компаниялардың инновациялық қызметін зерттеуге бөлінеді.

Даярлаудың мазмұнын сипаттайтын айрықша ерекшелік теориялық оқыту, әлеуметтік-практикалық білім мен сараптамалық-талдамалық, жобалық дағдылар және консультациялық жұмыс арасындағы байланыс болып табылады.

Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, әртүрлі деңгейлердегі ғылыми конференцияларға қатысады, жетекші университеттерде, ғылыми-зерттеу институттарында, Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде және ғылыми зерттеулер мен инновациялық зертханаларда ғылыми тағылымдамалардан өтеді.

Оқыту қазақ, орыс, ағылшын, қытай, корей, түрік, араб, жапон және басқа шет тілдерінде жүргізіледі.

Осы бағдарламаға сәйкес жоғары академиялық біліктілігі бар мамандар ғылыми жұмыстарды жүргізеді және жетекшілік етеді: ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, ұзақ ғылыми-педагогикалық жұмыс тарихы бар доценттер, сондай-ақ шақырылған шетелдік оқытушылар.

            Магистрант қызметінің негізгі бағыттары: туризмді ұйымдастыру бойынша мемлекеттік басқару ұйымдары;  туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар; туристік профильдегі консалтингтік компаниялар; туристік кәсіпорындардағы маркетингтік қызметтер; туризмнің инфрақұрылым объектілері; туризм бойынша мамандарды даярлайтын оқу орындары;  туризмді дамыту мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары.

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін дәреже беріледі:

- ғылыми-педагогикалық бағыт - «7М111(01) - Туризм» білім беру бағдарламасындағы ғылымдар магистрі» білім беру бағдарламасы бойынша ғылымдар магистрі;

- бейінді бағыт -  «7М111(02) - Туризм» білім беру бағдарламасындағы қызмет саласыныдағы магистрі.

Осы білім беру бағдарламалары аясында майнормалмен (қосымша профильдер) «Cандық маркетинг және электрондық коммерция» және «Персоналды басқарудағы инновациялық технология негіздері» ұсынылады.

Печать E-mail

универсиада замена