Халықаралық қатынастар факультеті – халықаралық білім беру стандарттары мен талаптарына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайтын, тиімді стратегиялық басқару жүйесі бар жетекші факультеттердің бірі болып табылады.
Халықаралық қатынастар саласындағы мамандарды даярлауды дипломатиялық корпуста, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, халықаралық ұйымдарда тәжірибесі бар білікті оқытушылар құрамы жүргізіп келеді. Факультет өз жұмысын шет мемлекеттердің елшіліктерімен, шетелдік өкілдіктермен, компаниялармен және мәдени орталықтармен тығыз байланыста жүргізеді. Ашық дәрістерді елшілік өкілдері, дипломатиялық қызметкерлер, сондай-ақ әртүрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері оқиды. Біз бірлескен бағдарламалар аясында Еуропаның, Азияның, Американың және ТМД елдерінің көптеген шетелдік университеттерімен табысты ынтымақтастық жасаймыз.
Халықаралық қатынастар факультетінің түлектері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдердегі өкілдіктерінде жұмыс істейді. Түрлі халықаралық ұйымдар, қорлар, фирмалар мен кәсіпорындар біздің түлектерді жұмысқа шақырады.
Халықаралық қатынастар факультеті – ҚазХҚжӘТУ-дегі ең қызықты және жан-жақты студенттік өмірге ие факультет. Біздің факультетте ең белсенді және талантты студенттер оқитыны сөзсіз, студенттік өмірдің барлық саласында берік қалыптасқан дәстүрлер бар. Біздің есігіміз терең білімге ұмтылған және өмірін халықаралық қатынастармен байланыстырғысы келетін дарынды жандар үшін әрқашан ашық.
Біздің факультетке қош келдіңіз!
Құрметпен, факультет деканының м. а.,
Сержанова Әлия Абайханқызы
Білім беру бағдарламалары: