Құрметті достар, біз сіздерді Абылай хан атындағы
ҚазХҚ&ӘТУ Шығыстану факультетінде көргенімізге қуаныштымыз!
Шығыстану факультеті – шығыс тілдерін меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындайтын Қазақстандағы ең ірі орталық болып табылады. Университет қабырғасында шығыс тілдерін зерттеу ХХ ғасырдың 1993 жылдан бастау алды. Бүгінгі таңда, Шығыстану факультеті – жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс істейтін, қызықты да шығармашылық оқу үдерісі жүргізіліп, ғылыми зерттеулер жүргізілетін Қазақстан шығыстану ғылымының танылған орталығы.
Факультетімізде келесі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады:
- 6В02201 Шығыстану
- 6B02302 Аударма (шығыс тілдері)
- 6В02304 Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
- 7M02211 Шығыстану (ғылыми-педагогикалық)
- 7M02212 Шығыстану (бейінді)
Бакалавриат білім беру бағдарламаларының оқу жоспарына мамандық бойынша пәндер және жалпы шығыстану пәндері кіреді. Студенттер сонымен қатар ғылыми-зерттеу және практикалық дағдыларды алуға бағытталған жобалық және зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Факультетте 6 шығыс тілі: араб, парсы, қытай, корей, түрік, жапон, сонымен қатар батыс тілі: ағылшын тілі оқытылады. Сонымен қатар, әрбір негізгі шығыс тілдерін ана тіліндей жете меңгерген оқытушылар да бар.
Бакалаврлар шетелдік серіктес университеттерде тағылымдамадан өтіп, қысқы және жазғы мектептерге қатыса алады. ҚазХҚ&ӘТУ Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Таяу Шығыс елдерінің университеттерімен ынтымақтасады.
«Шығыстану» магистратурасының білім беру бағдарламасының бірегейлігі оның қазақ шығыс мектебінің озық дәстүрлерін Шығыс ғылымының және жалпы әлеуметтік-гуманитарлық білімнің соңғы жетістіктерімен ұштастырғандығында. 2022-2023 оқу жылында жариялайтын шығыстану бағдарламасы бойынша сабақ беретін бірегей мамандар, шығыстану білімімен қатар, тоғызыншы рет қабылданатынын басқа да жақын мамандықтарды да меңгерген. Бағдарлама заманауи көпмәдениетті мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу қазақ, орыс, ағылшын, қытай, корей, түрік, араб, жапон және басқа да шет тілдерінде жүргізіледі.
Оқыту мазмұнын сипаттайтын ерекше белгі – теориялық оқыту, әлеуметтік-практикалық білім мен сарапшылық-талдау, жобалық және консультациялық жұмыс дағдыларының өзара байланысы.
Магистранттар қосымша мамандықтар алу мүмкіндігіне ие. Бірінші мамандық – сыни БАҚ және саяси зерттеулер. Бұл мамандық сыни зерттеу және талдау дағдыларын қалыптастыратын пәнаралық болып табылады. Магистранттар қазіргі қоғамды, гибридтік соғыстың сын-қатерлері мен қауіптерін талқылап, талдайды, бұқаралық ақпарат құралдары, кино, теледидар және басқа да медиа платформалар сияқты әртүрлі БАҚ салаларынан мысалдар келтіреді. Мамандық саясатта немесе мемлекеттік қызметте табысты болғысы келетіндерге арналған. Екінші мамандық «Шетелдік Азия елдеріндегі басқару теориясы мен тәжірибесі». Мамандық болашақ мансабын Азия елдерімен байланысты қазақстандық немесе халықаралық компанияларда құруды, өз елінде немесе шетелде өз бизнесін құруды жоспарлағандарға арналған.
Жалпы, бакалаврлар мен магистранттарды дайындау қажеттілігі жаһандану жағдайында Шығыс елдерінің тарихын, экономикасын, саяси жүйесін, мәдениетін жетік білетін шығыстану саласының мамандарына деген сұраныстан туындап отыр.
Шығыстану факультетінің деканы
Кагазбаева Эльмира Маратовна
Шығыстану факультеті 87272 92-08-05 (ішкі. 2809)